Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Фанаттары шок алды: Техникалық ақау интернет-жұлдыздың нағыз бет-бейнесін көрсетті

Қытайда "жоғары мәртебелі Цяо Билуо" лақап атымен танымал стримші жасартушы фильтрді пайдаланып, өзін жас қыз етіп көрсетіп келген. Тікелей трансляциялардың бірінде техникалық ақаудың кесірінен стримердің өтірігі ашылып қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.ru басылымына сілтеп.

китаянька

Оқиға 25 шілдеде Twitch жергілікті аналогы — Douyu стримингтік платформасында орын алған. 100 мыңнан астам оқырманы бар Цяо Билуоның жалған онлайн-тұлға екенін көрермендер Qingzy атты танымал блогермен сөйлескен кезде білген.

Стрим барысында Билуоның фанаттары одан бьюти-сүзгіні алып тастауды сұраған. Алғашында қытайлық стримші "мен 100 мың юань сыйлықтарын алмай өз бетімді көрсете алмаймын" (5 000 000 теңгеден аса-ред.), "қалай дегенмен, мен сұлу жүргізушімін ғой" деп жауап берген.

Содан кейін интернет-жұлдыздың жанкүйерлері оған ақшалай сыйлықтарды аудара бастаған. Ең ірі ақшалай донат шамамен 40 мың юаньды (2 000 000 теңгеден асып жығылады) құраған. Алайда, жасартатын сүзгі кенет істен шыққан. Көрермендер күтпеген жерден жас модельдің артында 58 жастағы әйел жасырынып жатқанын көріп, тікелей эфирді көруді тоқтатқан. Билуо пайдаланушылар жаппай трансляциядан шыға бастағанда ғана түсінген.

BBC хабарлағандай, оқыс оқиғадан кейін көптеген көрермендер — "әсіресе ерлер" - қытайлық стримшінің парақшасынан бас тартып, өз донаттарын қайтарып алған. Ал өтірігі ашылған стримші өз кезегінде Douyu-да өз аккаунтын бұғаттап тастады. Осыған қарамастан, Билуомен болған жағдай желіде вирустай тарап кетті. Ал оның оқырмандар саны содан бері 650 000 мың адамға дейін өскен.

 

 

 

 

Талқылау