Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Фактчек: Вейптерге салынған тыйым хиттерлерге әсер етпейді

2024 жылдың 20 маусымынан бастап Қазақстанда вейптерді сатуға, таратуға тыйым салынады. Заңнамадан кейін қоғамда кейбір темекі өнімдерін сатуға тыйым салынғаны туралы көптеген қате түсінік пен сауалдар пайда болды. Сондай-ақ бұл заңның темекінің қай өнімдеріне қолданылып, қай өніміне әсер етпейтіні туралы түрлі жалған ақпараттар тарады. Олай болса мифке айналған ақпараттардың анық-қанығына көз жүгіртейік.

Миф1. Тыйым хиттерлерге де әсер етеді

Нақты дерекке сай бұл – өтірік ақпарат. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңына сәйкес тыйым тек вейптерге салынған. Ал темекі қыздыру жүйелері, яғни хиттерлер – заңға қайшы болып есептелмейді. Зияны аздау болғандықтан вейптен бас тартқандар үшін рұқсат етілген. Хиттерде жану процесі жоқ, ал өздері қыздырғыш пен темекі таяқшалары негізінде жұмыс істейді, олардың құрамына табиғи темекі кіреді.

Миф2. Хиттер (темекіні қыздыру жүйелері) деген – вейп. 

Деректерге сүйенсек, бұл да – қате түсінік. Екі өнім де қыздыру принципі бойынша жұмыс істегенімен, олардың құрамы әртүрлі. Вейптер никотині бар темекі сұйықтығы негізінде жұмыс істейді. Ал хиттер – табиғи темекі таяқшаларын қыздыруға арналған құрылғы. Тыйым салуды талқылау кезінде көпшілікті вейптерге арналған сұйықтықтардың құрамы толғандырған еді. Бұл жағдайда хиттерлерге арналған таяқшалар сол дәстүрлі темекіден жасалады. Алайда тұтыну процесінде едәуір айырмашылық бар. 

Миф3. Хиттер темекіге қарағанда зияндау

Нақты дерек: Бұл да – жиі кездесетін қате түсінік. Ғалымдар темекі өнімдерінің ең зиян түрі темекі екенін атап өтті. Зерттеулерге сәйкес, ағза үшін ең басты зиян никотиннен емес, қарапайым темекінің жанатын өнімдерінен болады. Темекі түтіні – жану кезінде бөлінетін зиян заттардың қайнар көзі. Олардың саны 6000-ға дейін жетуі мүмкін, оның ішінде 70-сі – ағзаға улы. Өз кезегінде, хиттерлерде мұндай түтін болмайды, оның орнына аэрозоль шығады. Зерттеулер бойынша, аэрозольде темекіден шыққан түтінге қарағанда зиян заттар 95% аз. Сондай-ақ хиттерлер темекі шегуден болатын аурулардың даму қаупін төмендететіні ғылыми дәлелденген. Бұл онкологияға, жүрек-қан тамырлары ауруларына, сондай-ақ өкпе ауруларына қатысты.

Сонымен қатар хиттер тұтыну кезінде пассивті темекі шегу болмайды, демек айналадағылар уытты темекі түтінінен зардап шекпейді. Қыздырылған темекіден бөлінетін аэрозоль темекі түтіні сияқты тістерді, теріні және шашты бүлдірмейді.

Миф 4: Вейптердің зияны көбірек! 

Нақты дерек: Мұны миф дей алмаймыз, бірақ шындық деу де қиын. Темекімен салыстырғанда, сол хиттерлердің жағдайына ұқсайды. Вейптерде де зиян жану өнімдері жоқ. Өйткені құрамында никотині бар сұйықтық жанбайды, қызады. Алайда бұл сұйықтықта көптеген компонент бар болғандықтан, олардың ағзаға әсері әлі егжей-тегжейлі зерттелмеген. Алайда дамыған елдерде вейптерге оң көзқарас қалыптасқан. Мысалы Ұлыбританияда мемлекеттік бағдарлама іске қосылды, ол ересек темекі шегушілерге дәстүрлі темекіден бас тартса, тегін вейптер ұсынуды – көптеген зерттеу көрсеткендей, никотин тұтынудың зияны аздауына таңдау жасауға мүмкіндік береді. 

Миф 5. Демек жаңа заңға сәйкес, темекі шегушілердің дәстүрлі темекіге оралудан басқа амалы жоқ па?

Нақты дерек. Үш баламасы бар. Олардың бәрі зиянды азайтудың танымал әлемдік трендінің бір бөлігі – зияны аздау өнімдердің пайдасына саналы таңдау беру. Тенденция әртүрлі салаларды қамтиды, алайда негізгі бағыттардың бірі – темекіні пайдаланудың зиянын азайту. Вейптер енді қолжетімсіз болатындықтан, жоғарыда айтылғандай, хиттерлерді балама ретінде қарастыруға болады. Көптеген дамыған елде түтінсіз құрылғылар жеке адамның таңдауы ретінде де, мемлекет деңгейінде де темекі шегуден болатын зиянды азайтудың танымал құралына айналды. Мысалы Жапонияда никотині бар зиян өнімдерді зияны аздауына алмастыру темекі шегетін халықтың үлесін 30%, ал Швецияда 5,6%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді.

Тағы бір радикал нұсқасы бар – темекі шегуден және никотинді тұтынудың басқа да тәсілдерінен толық бас тарту. Алайда ДДСҰ мәліметтері бойынша, темекі шегушілердің ең көп дегенде 4-7%-ы ғана бірінші талпыныстан темекіні қойып кете алады екен.

Үшінші нұсқа – қолданыстағы никотинді алмастыру терапиясын қарастыру. Яғни темекіні пайдаланбай, денеге никотинді жеткізу әдістері. Бұған әртүрлі никотинді пластырьлер мен сағыздар, спрейлер мен таблеткалар, сондай-ақ снюс – шайнайтын темекі сияқты өнімдер жатады. Психологиялық қолдау да тәуелділікпен күресуде зор рөл атқара алады.

Талқылау