Facebook желісінде жұлдыз болған мұрынсыз сәби 2 жасында шетінеп кетті
Мұрынсыз туған сәби екі жасында өмірімен қош айтысты. Ата-анасы әлі күнге дейін бүлдіршіндерінен айырылып қалғандарына сене алмай жүр.
Бұл туралы The Daily Mail басылымы хабарлайды.
Алабамада өткен сенбінің түнінде Илья Томпсон өмірімен қош айтысты. Мұрынсыз туған сәби небәрі екі жаста еді. Илья 197 миллон адамда бір рет кездесетін ауру түріне шалдыққан. Ол мұрнының жоқ болуы себебінен еркін тыныстай алмайды. Осы кемістігіне қарамастан бүлдіршін Facebook желісінде көптеген желі қолданушыларының көзайымына айналған еді. Әкесі күнде онымен бірге қызықты видео түсіріп, желіге салып отыратын.
«Ұлымды бақытты сәбилердің қатарына қосатын едім. Ол өте ақылды болатын. Барлығымен қол алысып, үйге келгендерді күлімсіреп қарсы алатын. Илья маған қалауын ым-ишаралар арқылы көрсететін. Печенье сұрайтын кездегі ым-ишарасы қатты ұнайтын еді. Екі жасына дейін ол көп адаммен танысып үлгерді. Көпшілік оған ыстық ықыласпен қарайтын», – дейді әкесі Финч мырза.
Илья өзі секілді диагноз қойылған тағы да бір баламен жолығып үлгерген. Тесса Эванс одан екі жарым жас үлкен екен. «Ильяны Тессамен жолықтырып, оның арманын орындағандай болдық. Осылайша әлемде Ильяғы көптеген адамның тілектес екенін білдіргіміз келді», – дейді Тессаның анасы.
Әкесі жерлеу рәсімдерінің ақшасын өтеу үшін GoFundMe парақшасын ашқан.
Жіберіп алмаңыз:
17 жастағы америкалық ресми түрде жыныссыз адам атанды
Шейх жариялаған тегін шопингтің соңы талас-тартысқа ұласты (видео)