Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Эйстер ханшайымы: Қазақстанның бірінші ракеткасы тағы бір атаққа ие болды

теннисФото:WTA

Қазақстанның бірінші, әлемнің бесінші ракеткасы Елена Рыбакина тағы бір аттақты жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ол 2016 жылдан бері 500-ден астам эйс жасаған теннисші атанып отыр.

Бұл туралы әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) қазақстандық Елена Рыбакинаны “Эйстер ханшайымы” деп пост жариялады.

“2016 жылдан бері бір маусымда 500-ден көп эйс жасаған алғашқы теннисші - Елена Рыбакина эйстер ханшайымы”, – деп жазды WTA инстаграм парақшаларында.

Айта кетейік, Елена Рыбакина жақында “Жылдың үздік теннисшісі” номинациясына ұсынылды. Сонымен қатар Рыбакина жуырда жылдың қорытынды турнирі Эр-Риядта өткен. Айтулы байқаудың ақтық сынында ол Арина Соболенкомен өзара мықтыны анықтап, жеңіске жетті. Нәтижесінде 5,235 миллион доллар (шамамен 2,7 млрд теңге) сыйақы алды.

Бұл – әйелдер теннисінде бір турнир үшін берілген ең қомақты жүлде. Осылайша ол теннис тарихындағы ең ірі жүлде қоры бойынша рекордты жаңартып, Гиннес рекордтар кітабына есімі енді. Бұл оның 2022 жылғы Уимблдондағы  триумфынан кейінгі қол жеткізген екінші ең ірі титулы.

Ақерке Өмірхан
Сейсенбі, 25 Қараша, 2025 15:10
Талқылау