Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ЕЭО елдері арасында Қазақстан жалақысы ең төмен мемлекеттердің бірі болып шықты

Анықталғандай, Еуразия экономикалық одағы елдерінің арасында Қазақстан жалақысы ең төмен мемлекеттер қатарынан табылды. Биылғы жылы ең төменгі жалақы мөлшері 28 мың теңгеге тең. Өткен жылмен салыстырғанда, бұл көрсеткіш 14%-ға өскен. Десе де ЕЭО-дағы серіктес елдердегі жалақы деңгейіне жетуге әлі алыс сияқты.

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

LS порталының мәліметіне сүйенсек, Ресейде ең төменгі жалақы мөлшері – 9,5 мың рубль (55 мың теңгеден аса). Ал Беларусияда – 51 мың теңге. Үшінші орынға жайғасқан Арменияда ең төменгі жалақы мөлшері – 55 мың драм (37 400 теңге). Ал Қазақстан бұл тізімде соңғы орындардың біріне жайғасқан. Ал соңғы орында тұрған Қырғызстандағы ең төменгі жалақы – шамамен 6 мың теңге.

Айта кетсек, АҚШ-та әр штатының ең төменгі жалақы мөлшерінің өз көрсеткіші бар. Мысалы, Флорида штатының тұрғындарына қазақстандықтардың ең төмен айлық табысын табу үшін, 10 сағат жұмыс істеу жеткілікті. Украинада бұл  көрсеткіш 3 200 гривеньге (37 мың теңгедег аса) тең.

Оқи отырыңыз:

2018 жылы қандай әуе рейстетерін мемлекет қаржыландырады

Алматы облысында 2 баланың анасы бір апта бойы танысының үйінде тығылып жатқан

Қызылорда облыстық қорғаныс істер департаментінің басшысы парамен ұсталды

Талқылау