Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Евровидение» байқауының жеңімпазы шашын тақырлап тастады (фото)

2012 жылы «Евровидение» байқауында жеңімпаз атанған швециялық әнші Loreen «Ride» атауымен жаңа альбом шығарып, имиджін өзгертті.

34 жастағы әнші ұзын шашын тақырлап тастаған. Ол желідегі жеке парақшасында жаңа образының суреттерін жариялап, оқырмандарын таңдандырды. Әнші сырт келбеті ғана емес, әндерінің де өзгергенін атап өтті. Ал әншінің табынушылары жаңа образының өзіне жарастанын айтып жатты.

Loreen жаңа альбомын 24 қараша күні ресми түрде таныстырған.

«Бұл мүлдем басқа ән. Менің шығармашылығыма хип-хоптың әсері мол болды. Ән жазғанда өз сезімдеріме ғана сүйенемін», – деп жазды әнші.

Естеріңізге сала кетсек, Loreen Бакуде өткен «Евровидение-2012» байқауында жеңіске жеткен еді. Ол байқауда Euphoria әнін орындап шығып, бүкіл әлемге танылды.

Оқи отырыңыз:

Ерке Есмахан туған күнін Алматыдағы достарымен атап өтті

Нағима Есентаева Баян Мақсатқызының атышулы оқиғаға қатысты өтірігін әшкереледі

Атышулы Баян Мақсатқызы әкімнен зорлық көрген қызға араша түсті

Еліміздің 18-миллионыншы тұрғынына 3 бөлмелі пәтер берілді

Талқылау