Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нидерландыда матчтан соң израильдік жанкүйерлерге шабуыл жасалды

Амстердамда 7 қараша күні өткен футбол ойынынан кейін израильдік жанкүйерлер шабуылға тап болды. Салдарынан онға жуық түрлі жарақат алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Euro.news басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Peter Dejong/AP

3000 израильдік жанкүйер Еуропа лигасының матчына келген. Амстердамдағы жергілікті "Аякс" пен Тель-Авивтің "Маккаби" арасындағы футбол матчынан кейін израильдіктерге шабуыл жасалды. Бүлік бастағандар зардап шеккендердің кейбіріне пышақ жарақатын салған. 

Израиль билігі жарақат алып, жапа шеккендерді ел қайтару үшін екі жолаушылар ұшағын жіберді. Елдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Нидерланд үкіметі мен қауіпсіздік күштерінен "бүлікшілерге қарсы батыл әрі жылдам шара қолдануды" талап етіп отыр.

Полиция бүлікке қатысы бар 57 адамды ұстады. Нидерланд премьер-министрі Дик Шуф ​​бұл бүлікке "орынсыз" және "антисемиттік" деп баға берді. Сондай-ақ өзінің израильдік әріптесімен байланыста екенін айтты.

Тәртіпсіздікке куә болғандардың айтуынша, бүлік бастағандардың кейбірінің қолында Палестинаның туы болған және олар “Палестинаға еркіндік” деп ұрандаған.

Бүлікшілер израильдік жанкүйерлерге шабуыл жасап қана қоймай, “Маккаби” футбол клубының жанкүйерлері тоқтаған қонақүйге басып кіруге әрекеттенген.

“Бізге “арафатка” (араб елдеріндегі ерлер орамалы) киген бір топ ашулы адам шабуыл жасады. Кейбіреулер қолдарына Палестина туын ұстаса, басқалары "Еврейлер өлсін" деп айқайлады. Бұл өте қорқынышты болды. Біз Холокост кезінде Еуропаға тап болғандай күй кештік”, – дейді жанкүйерлердің бірі.

Талқылау