"Евразия" СК екінші көлік ұтысын ұйымдастыруда: Оны қалай жеңіп алуға болады?

"Евразия" сақтандыру компаниясы өзінің 30 жылдық мерей тойын сыйлық ұтысымен атап өтуді жалғастыруда. Ең басты жүлде – жаңа автомобиль. Қатысу үшін кемінде бір жыл жарамдылық мерзімі бар кез келген Каско полисін ресімдеу жеткілікті.
Ұтыс ойынына 2025 жылғы 1 қарашадан бастап 2026 жылғы 31 тамызға дейінгі (екі күнді қоса алғанда) кезеңде жеке тұлғалар сатып алған барлық Каско полистері қатысады.
"Евразия" Каско нарығында көшбасшылық ұстанымын сақтап отыр, ал компанияның 30 жылдығына орай ұйымдастырылған ұтыс ойыны Қазақстанның түкпір-түкпірінен үлкен қызығушылық тудыруда. Сондықтан біз өткізу мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдадық. Бұл біздің клиенттерімізге ұтысқа қатысу және автокөлік ұтып алу мүмкіндігін береді", – деп атап өтті "Евразия" СК басқарма төрағасы Кайрат Чегебаев.
Еске сала кетейік, алғашқы автокөлік ұтысы өткен жылдың қараша айында өтті. Оның жеңімпазы Өскемен қаласының тұрғыны Динара Жайжатырова болды. Қазіргі таңда ұтыс ойындарының екі кезеңі аяқталды, ал алда "Евразия" сақтандыру компаниясының клиенттерін сыйлықтар ұтысының тағы екі кезеңі, сондай-ақ екінші бас жүлде – автокөлік күтіп тұр.
Жүлде қоры:
-
Автомобиль – 1 дана;
-
iPhone 16 Pro – 6 дана;
-
Samsung S25 – 6 дана;
-
300 мың теңге сомасына Каско сертификаты – 6 дана;
-
30 литр бензинге арналған сертификат – 60 дана.
Ұтыс ойындары мына күндері өтеді:
-
III кезең – сәуір 2026: смартфондар мен сертификаттар;
-
IV кезең – қыркүйек 2026: смартфондар, сертификаттар, автокөлік.
"Соңғы ұтыс кезеңіне Каско полисін ресімдеген шамамен 20 мың клиент қатысты. Нәтижесінде бір қатысушы автокөлік ұтып алса, тағы 78 адам өзге де бағалы сыйлықтардың иегері атанды. "Евразия" сақтандыру компаниясы жаппай және қолжетімді бағдарламалардан бастап, элиталық Каско өнімдеріне дейінгі кең ауқымды сақтандыру шешімдерін ұсынады. Ұтыс ойынына автонесиелеу аясында ресімделген полистер де қатыса алады. Әрбір клиенттің жеңіске жетуге мүмкіндігі бар, – деп қорытындылады "Евразия" СК басшысы.
Қосымша шарттар
Ұтыс ойынына тек қолданыстағы Каско сақтандыру шарттары қатысады. Сақтандыру шарты мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда қатысушы ұтыс ойынынан шеттетіледі. Сонымен қатар ұтыс ойынына қатысу үшін сақтанушы жол-көлік оқиғасы кезінде кінәлі тарап болып танылмауы қажет.
Полисті қалай рәсімдеуге болады?
КАСКО полисін өз бетіңізше онлайн түрде eurasia36.kz сайтында немесе Қазақстан бойынша "Евразия" СК филиалдарының бірінде ресімдеуге болады.
Ұтыс ойынына қатысу шарттарымен theeurasia.kz сайтында немесе 5678 қысқа нөміріне қоңырау шалу арқылы (қоңырау шалу тегін) толық таныса аласыз