Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Эвакуация болуы мүмкін: Әкімдік Орал тұрғындарына ескерту жасады

Орал қаласының әкімдігі саяжай тұрғындарын су басу қаупі туралы ескертіп, эвакуацияға дайын болуға шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Шаған мен Дерқұл өзендерінің су деңгейінің көтерілуіне байланысты саяжайларды су басу қаупі төніп тұр.

"Шаған және Дерқұл өзендерінің су деңгейінің көтерілу мүмкіндігі және осы өзендерге жақын маңда орналасқан бау-бақша серіктестіктерін су басу қаупі бар. Су басу қаупі бар саяжай тұрғындары эвакуацияға дайын болуы керек", –деді әкімдік.

Эвакуация жарияланғанда немесе үйіне жақын жерде су тасқыны болған кезде, тұрғындардың не істеу керектігі айтылды.

Ең алдымен көршілеріғізге хабарлап, газды, электр қуатын өшіруіңіз қажет. 
Төменгі қабаттардың терезелері мен есіктерін жабыңыз. Құжаттарыңызды, маңызды жеке заттарыңызды өзіңізбен бірге алып, құрғақ жерге шығыңыз.

Еске салсақ, 13 наурызда Оралда су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланған болатын. 

Талқылау