AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еуропол украиналық босқындарды құлдыққа сатпақ болған интернет-платформаны анықтады

Еуроодақтың 14 мемлекетінің құқық қорғау органдары Еуроодақ полиция қызметімен бірге украиналық босқындарды құлдыққа сатпақ болған интернет-платформаларды анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

кісен

Еуропа мемлекеттерінің тергеушілері украиналық босқындарды сатуға тырысқан қылмыстық желілерді анықтау үшін түрлі онлайн сайттарды бақылаған. Құқық қорғаушылар босқындарды жұмысқа орналастыруға көмектесуді ұсынған ғаламтор жарияланымдарын тексерген. Сонымен қатар танысуға арналған және рекрутинг сайттар, сексуалды қызмет ұсынған сайттар да бақыланған. 

Тергеу кезінде адам саудасына күдікті 9 сайт пен 9 мүмкін құрбан анықталды. Қазір бұл деректер бойынша 15 тергеу жұмыстары басталды. 

"Мониторинг шаралары украиналық босқындарды еңбек және сексуалды құлдыққа сату туралы күдік бойынша ақпарат алуға мүмкіндік берді. Күдікті іс-әрекеттер кең көлемді платформаларда, соның ішінде орыс тілінде де анықталды. Құқық қорғаушылар украиналық әйелдерге арналған жұмыс туралы күдікті ұсыныстарды анықтады, олардың кейбірі "фотосессия" ретінде сипатталған. 

Тергеушілер "жарқын болашақты" ұсыну арқылы құрбандарды тарту әрекеттерін әшкереледі. Олар алдап, адамдарды сексуалды құлдыққа сатқан. Ұсыныстар арасында украиналық босқындарға арналған орынға орналастыру да бар", – делінген Еуропол хабарламасында. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр