Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еуропаны дүрліктірген радиациялық бұлттың қайдан шығып жатқаны белгілі болды

Ресей аумағынан тарап жатыр екен. Бұл ақпаратты «Росгидромет» растап отыр. Радиактивті рутений-106 Еуродақ аумағына Оңтүстік Орал тауларынан тарап жатыр, деп хабарлайды КТК.

Радиактивті рутений-106 Еуродақ аумағына Оңтүстік Орал тауларынан тарап жатыр. Ресейдің қоршаған ортаға бақылау жасау және гидрометеорология федералдық қызметі Ресей аумағындағы радиациялық ахуал туралы бюллетень жариялады. Онда Челябинск облысындағы “Маяк” өндіріс бірлестігі аймағынан жүз километр жерде алынған сынамадан радиоактивті рутений-106 тіркелгені айтылған.

Естеріңізге сала кетейін, бұған дейін Францияның ядролық және радиациялық қауіпсіздік институты Еуропа үстінен радиоактивті бұлтты анықтағандарын хабарлады. Институт ғалымдары рутений-106 радиоактивті бұлты Қазақстаннан не Ресейден, анығырақ айтқанда, Орал тауларының оңтүстігі мен Челябинск облысынан тарауы мүмкін екенін айтқан.

Қазақстан тарапы радияцияның бізден тарағанын бірден жоққа шығарды. Ресей тарапы да ат тонын ала қашқан. Енді радияцияның ресейден шығып жатқаны белгілі болғанда көрші елдің табиғат жанышырлары бірден прокуратураға арыз түсірді.

Тағы да оқыңыз:

Оралда газ жарылысынан күйіп қалған келіншек көмекке зәру

Головкин: Екінші кездесуде «Канелоны» нокаутқа түсірем деп уәде бермеймін

Талдықорған тұрғыны 11 жастағы қызға ұятсыз хабарламалар жазып азғындаған

Талқылау