Оралда газ жарылысынан күйіп қалған келіншек көмекке зәру

Газ жарылысынан денесінің 80 пайызы күйіп қалған әйелге шұғыл түрде астаналық мамандардың көмегі қажет. Алайда елордалық дәрігерлер үш күннен бері Оралға жете алмай жатқан көрінеді, деп хабарлайды КТК.

Бұл туралы жансақтау бөлімінде жатқан  Гүлсезім Сүндетованың туыстары айтып отыр. Бұл туралы жансақтау бөлімінде жатқан  Гүлсезім Сүндетованың туыстары айтып отыр. Негізі астаналық ақ халаттылар оқыс оқиға болған күні-ақ Оралға ұшып келіп, келіншекті санавиациямен алып кетуі тиіс еді. Бірақ белгісіз себептермен әлі келмепті.

Айта кетейік, 18 қараша күні жер үйлердің бірінде газдың жарылуынан шыққан өрттен жүкті келіншек ауыр күйік жарақатын алды. Зардап шегушінің күйеуі оқиғаның қалай болғанын айтып берген еді.

Денесінің 80 пайызы күйіп қалған Гүлсезім қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Өкінішке қарай, жүкті әйелдің құрсағындағы нәресте шетінеп кеткен. Одан өзге отбасындағы 5 адам да ыстан уланып, ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер келіншектің күйеуі мен 3 балаға және олардың әжесіне көмек көрсетіп, үйлеріне қайтарыпты.

“Астанаға алып кеткенін қалаймыз. Астанада жақсы қарайтын шығар деп Астанадан жақсы хабар күтіп отырмыз. Артында балалары бар. Солар үшін ұмтылуы керек. Апамыздың жазылып кеткенін қалаймы”, – дейді зардап шеккен келіншектің туысы Әселім Сүндетова.

Тағы да оқыңыз:

Головкин: Екінші кездесуде «Канелоны» нокаутқа түсірем деп уәде бермеймін

Талдықорған тұрғыны 11 жастағы қызға ұятсыз хабарламалар жазып азғындаған

Ақтауда ер адам көршілерін айыптап хат қалдырып өзіне қол салған

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
19.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар