Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

"Экологияға мән беретін еуропалық компания": Елдегі Kärcher компаниясы қандай игі бастамаларды жүзеге асырды

90 жылдық тарихы бар Kärcher компаниясы Қазақстан аумағында 13 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Тазалықты ұранына айналдырған компания өкілдері бұл уақыт аралығында еліміздің бірнеше аумағында бөлімдерін ашып, түрлі мәдени-экологиялық шаралар да ұйымдастырған екен. Stan.kz тілшісі Kärcher-дің Қазақстандағы директоры Кирилл Кулешовпен тілдесіп, компанияның тыныс-тіршілігімен танысып көрді. 

керхер

Фото: Kärcher

Kärcher қандай компания?

Kärcher – тұрмыстық және бау-бақшаға арналған техника, әртүрлі ластануды тазалауға арналған химиялық өнімдер шығарумен айналысатын неміс компаниясы. Қазақстандағы "Kärcher" ЖШС 2011 жылдың маусымынан бері жұмыс істейді және ол Alfred Kärcher SE & Co.KG неміс концернінің ресми өкілдігі. 

13 жылдың ішінде Kärcher Қазақстанның 6 қаласында, соның ішінде Алматы, Астана, Атырау, Қостанай, Қарағанды мен Өскемен қалаларында бөлімдерін ашқан. Бүгінде Kärcher – кәсіби клинингке арналған құрылғылар нарығының көшбасшысы. Сонымен қатар Орталық Азияда жоғары қысымдағы тұрмыстық, кәсіби құрылғылар нарығының көшін бастады. Ал тұрмыстық шаңсорғыштар категориясында бренд өте танымал. 

Kärcher Kazakhstan кен өндіру және өнеркәсіп саласындағы шетелдік, қазақстандық және мемлекеттік компаниялармен жұмыс істейді. 

Кирилл Кулешов бір жылдан бері Қазақстандағы Kärcher өкілдігін басқарып келеді. Бүгінде қызмет сапасын жақсартып қоймай, әлеуметтік-экологиялық жауапкершілікті де алдыңғы орынға қойған. 

"Біздің басты мақсатымыз – тұтынушының қалауын қанағаттандыру, компания қызметкерлерін жігерлендіру, бәсекеге қабілеттілікті арттыру. Компанияның ғаламдық мақсаты да осы: “Жақсарта отырып, сақтаймыз. Бірге әлемді тазартуға үлес қосамыз”.

Қазіргі уақытта Kärcher Kazakhstan орталық кеңсе, монобрендтік дүкендер, сервистік орталықтар, Керхер орталықтар, дүкендер мен онлайн дүкендерден тұрады. Клиенттер дүкендер желісінен қажетті техниканы таба алады. Егер құрылғы бұзылып қалса, сервистік орталықта жылдам жөндеуге болады. Қосалқы бөлшекті қажет жағдайда зауыттан тапсырыс бере аламыз", – дейді компанияның бас директоры. 

Kärcher және әлеуметтік жауапкершілік

Kärcher компаниясы еуропалық стандарт бойынша жұмыс істеп, Қазақстанда әлеуметтік-экологиялық жобаларды да жүзеге асырып келеді. Қоғамдық жауапкершілік мәселелерімен айналысатын компания өкілдері әрі қарай да бірнеше ірі жобаларды атқармақ. Солардың қатарында мәдени мұра нысандары мен ел халқы үшін маңызды орындарды, демалыс орындары мен табиғи аймақтарды тазарту бар. 

керхер

Кирилл Кулешов, фото Kärcher

"Мәселен, бұған дейін жоғары қысымды құрылғының көмегімен Technodom компаниясымен бірге Алма-Арасан ыстық бұлақтарын тазаладық. Сондай-ақ “Лесная сказка” демалыс аумағындағы Гиннестің рекордтар кітабына енген ең үлкен киіз үйде тазарту жұмыстары жүргізілді. Ал 10 шілдеде Керхердің кәсіпқой әрі тәжірибелі қызметкерлері бір күннің ішінде 842 баспалдақтан тұратын Медеудегі денсаулық сатысын тазалау бойынша ең үлкен жобаны іске асырды. Автономды жоғары қысымдағы кәсіби құралдардың көмегімен баспалдақтағы кір, жабысқан сағыз қалдықтары, тас қабырғада жазылған жазуларды өшірдік. Қала халқы мен қонақтарына енді бұл жерлерге барып, табиғатқа тамсану жоба жүзеге асырылған соң көбірек ләззат сыйлайды”, –  дейді Кирилл Кулешов. 

Әлемде қоқыс және оны жою мен қайта өңдеу мәселесі әлі де толық шешімін таппаған. Түйінді шешу мақсатында компания мектептерде де жоба бастауды жөн көрген.

“Қаладағы мектептердің бірінде біз оқушыларға арнап қоқысты бөлудің пайдасы туралы түсіндірме жұмысын өткіздік. Сосын шыны мен пластикке арналған арнайы бокс орнатылды. Осылайша қоқысты қайта өңдеу және Қазақстан экологиясын сақтау үшін үлесімізді қосып келеміз”, – деп қосты компания басшысы. 

Игі істі әр адам өзінен бастау керек деген Кирилл Кулешов компанияда қоқысты сұрыптау әдетке айналғанын жеткізді. Кеңседе қоқысты бөліп тастауға арналған арнайы жәшіктер орнатылған екен. Тіпті қайта өңдеуге келмейтін батареялар да сұрыпталады. 

"Айтып өткенімдей, Kärcher компаниясының ұраны – "Тазалық". Сондықтан әлемдегі экологиялық мәселелерге бей-жай қарай алмаймыз. Бұл бағытта экожобалар ұйымдастырып қоймай, өндірісіміздің де экологиялық таза болғанын қалаймыз. Мәселен, қазіргі таңда біздің құрылғыларда көбіне қайта өңделген пластиктер қолданылады", – деп қосты Кирилл Кулешов.

керхер

Kärcher компаниясында экологиялық жауапкершілікпен қатар қызметкер арасында ұжымдық мәдениетті дамытуға да баса көңіл бөлінеді екен. Бүгінде 116 адамды жұмыспен қамтып отырған Кирилл Кулешов компанияның мультиұлттық екенін айтады. 

"Kärcher-дің Қазақстандағы ресми өкілдігінде түрлі ұлт өкілдері жұмыс істейді, арасында шетелден келген мамандар да бар. Директор ретінде демократияны бірінші орынға қоямын. Бізде кез келген түйінді шешу үшін әр адамның ойы ескеріледі. Қазір дауыс беру тәжірибесін де кеңінен қолданып келеміз. Кез келген бастамада қызметкерлерді қолдауға дайынбыз", – дейді ол. 

Kärcher компаниясында ұжымдық дәстүр қалыптасқан екен. Мәселен, қызметкерлер үшін "Отбасы күні" ұйымдастырылады. 

"Kärcher – отбасылық құндылықтарды дәріптейтін компания. Бізде отбасылық тимбилдингтер жиі ұйымдастырылады. Жалпы тимбилдинг өткізу бізде дәстүрге айналды. Мұның барлығы ұжымдық рухты дамыту, қызметкерлер бір-біріне әріптес ретінде қарамай, жақын адамға айналуы үшін жасалатын шаралар", – деп сөз жалғады директордың көмекшісі Жамиля Абдыкашева. 

Қызметкерлердің дамуына жұмсалған шығынды өтеу, Еуропаға тегін жолдама ала алады

Kärcher компаниясындағы ұжымдық мәдениет туралы айтқан Жамиля Абдыкашева қызметкерлер әр тоқсан сайын бас директормен кездесетінін қосып өтті. Сонымен қатар компанияда "ашық кабинет" ұстанымы да бар екен. 

"Ашық кабинет" ұстанымы бойынша жұмысшылар кез келген уақытта директормен жеке кездесіп, туындаған мәселелерін шеше алады. Ал тоқсан сайын жалпы кездесуде әркім өзін толғандырған сұрақтарын қойып, барлығымен бірге оның шешімін іздейді. Компанияның басты құндылығы – адам, яғни қандай жағдай болмасын, біз қызметкерлерді бірінші орынға қоямыз. Мысалы, компания арнайы қаржы бөліп, биыл су тасқыны кезінде үйлері зардап шеккен қызметкерлерге көмектесті. Атап айтқанда оларды өздері қалаған орындарға көшірді. Осы секілді мысалдар өте көп", – деп қосты ол.

керхер 

Kärcher компаниясы өз қызметкерлері үшін мәдени және спорттық шаралар өткізеді. Мәселен, Алматыда өтетін марафонға қызметкерлерден құралған бірнеше команда қатысады. Ал кейде әріптестерімен театрға да барады. 

Бұдан бөлек қызметкерлердің ағылшын тілін меңгеруге жұмсалған шығынының басым бөлігін өтеп, тұлғалық дамуға қатысты тренингтер ұйымдастырылады. Ал үздік деп танылған қызметкер Еуропаға сапар номинациясына ұсынылады. 

"Жыл сайын үздік болған қызметкерлерімізді Еуропаға жібереміз. Ол жақта орталық кеңсе өкілдерімен танысып, зауытты аралайды. Жақында сату маманы Исландияға барып келді. Шығынның барлығын компания төледі. Қызметкерлер тұлғалық даму мен кәсіби дамуды қатар алып жүре алады. Түрлі тренингтерде көшбасшылық, бизнес-таныстырылым қабілеттері, коммуникация сынды салалар бойынша білім алады. Ал басшылық қызметтегілер үшін жеке тренингтер өтеді", – деп түсіндірді директордың кеңесшісі. 

Kärcher компаниясына кез келген адам қызметке тұра алады, ал маман таңдау кезінде қазақ тілін білуі үлкен артықшылық болады дейді. Сондай-ақ Жамиля Абдыкашева әлеуметтік желі мен ресми сайттарында да ақпарат қазақ және орыс тілдерінде берілетінін атап өтті. 

Назархан Уән
Бейсенбі, 29 Тамыз, 2024 16:00
Талқылау