Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еуропалық Одақ Беларусьтегі сайлауға қатысты шешім шығарды: сайлау нәтижелері мойындалмады

Еуропалық Одақ елдері Беларуссиядағы президенттік сайлаудың нәтижелерін мойындамайды. Бұл туралы Германия канцлері Ангела Меркель ЕО елдерінің көшбасшыларымен бейнеконференция қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz.

Меркельдің айтуынша, президенттік сайлауда дауыс беру еркін де, әділ де болған жоқ, оның барысында көптеген бұзушылықтар тіркелді.

ТАСС хабарлағандай, бейнеконференцияға қатысушылар "бейбіт демонстранттардың жағында екендіктерін бірауыздан айтты".

"Біз Лукашенко режимі мен үкіметін зорлық-зомбылықты тоқтатуға шақырамыз", - деді канцлер.

Оның айтуынша, елге "ұлттық инклюзивті диалог" қажет, оған қазір билікте жүргендер енуі керек. Меркель ЕҚЫҰ, атап айтқанда демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі Бюро мұнда маңызды рөл атқара алатынын атап өтті.

"Біз Беларуське не істеу керек деп айтпаймыз, бірақ оппозиция өзі не қалайтынын мәлімдеуі керек", - деді Меркель.


Лукашенко наразылық білдірушілерді сабырға шақырды: Зеңбірекке "жем" боласыңдар! 


"Мен медиацияның мүмкіндіктерін баған жоқпын, өйткені президент Лукашенко кез келген телефон арқылы сөйлесуден бас тартты, өкінішті", - деді ол

Беларусь ел жүруі тиіс "тәуелсіз жолды" өзі таңдауы керек, деп қосты ол.

"Бізге Беларусь тек өзі үшін ел ішіндегі диалог арқылы өтетін жолды табуы керек екені анық. Сырттан араласу болмауы керек. Беларусь тұрғындары не қалайтынын біледі. Сондықтан біз беларусь үшін ел ішінде шешім қабылданатын тәуелсіз жолды көргіміз келеді", - деп атап өтті ол.

Сонымен бірге, канцлер Беларусьтегі оқиғаларға сыртқы жақтан кез келген араласу елдегі жағдайды қиындатады деп мәлімдеді.

"Біз бұған жол бермеу үшін Ресеймен байланыста отырмыз", - деді Меркель.

Меркель Лукашенконың онымен телефон арқылы сөйлесуден бас тартқанын айтты. 

Айта кетейік, 9 тамызда Беларуссияда Президент сайлауы өтті. Ресми нәтижелерге сәйкес, оларды қазіргі Мемлекет басшысы Александр Лукашенко жеңіп алды (сайлаушылардың 80,1% дауысы), оның негізгі бәсекелесі Светлана Тихановская екінші орынға табан тіреді (10,12%).

Дауыс беру аяқталғаннан кейін қалаларда жаппай наразылықтар өтіп, ірі кәсіпорындарда мерзімсіз ереуілдер басталды.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 19 Тамыз, 2020 20:41
Талқылау