Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еуропалық ғарыш агенттігі Юпитерде өмір сүру мүмкіндігін зерттеу үшін ғарыш кемесін жіберді

Еуропалық ғарыш агенттігі Юпитер мен оның ең ірі үш жер серігін зерттеу үшін орбитаға аппарат жіберді. Ғарыш кемесі Юпитерге сегіз жылдан кейін жетеді және сол жақта үш жарым жыл болады деп күтілуде деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі CNN порталына сілтеме жасап.

JUICE автоматты планетааралық станциясын тиеген Ariane V зымыран тасығышы 14 сәуірде Француз Гвианасындағы Курудан ұшты. Ғарыш кемесі ұшырылғаннан кейін 28 минуттан кейін зымыраннан бөлініп шыққан.

JUICE Күн жүйесіндегі ең үлкен планета Юпитерге жетуі үшін сегіз жыл кетеді. Ғарыш кемесі Юпитерге 2031 жылдың шілдесінде барып, планета айналасындағы орбитада шамамен 3,5 жыл болады деп болжануда.

Зерттеудің негізгі мақсаты Ганимед, Еуропа және Каллисто олардың мұхиттарында өмір сүру мүмкіндігін зерттеу.

Миссияның соңына қарай, JUICE тек Ганимедті айналып өтуге назар аударады. Сол арқылы ол сыртқы күн жүйесіндегі айды айналып өткен алғашқы ғарыш кемесі атанады.

Талқылау