Еуропалық футбол клубы қазақстандық қақпашымен келісімшартқа отырды
Әзірбайжандық "Сабах" футбол клубы Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Стас Покатиловты өз құрамына қосқаны туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Sport+ порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: kff.kz
Стас Покатилов – оралдық "Ақжайық" футбол клубының түлегі. Ол алматылық "Қайрат" командасымен Қазақстан премьер-лигасының чемпионы атанып, бірнеше рет жүлдегерлер қатарынан көрінді. Сонымен қатар "Ақтөбе" клубымен ҚПЛ-де күміс және қола медальды иеленді. Екі рет ел Кубогінің және бір рет Қазақстан Суперкубогінің жеңімпазы болды. Ресейлік "Ростов" командасының сапында ойнап, күміс жүлде алды. Былтырғы маусымда қақпашы қостанайлық “Тобыл” футбол клубының сапында ойнады.
Қызылордалық "Қайсар" футбол клубы легионерсіз ойнайды
"Сабах" – Әзірбайжанның Масазыр қаласындағы футбол клубы. Клуб 2017 жылы құрылған. Былтырғы маусымда "Сабах" ішкі чемпионатта қола жүлдені жеңіп алса, 2022/2023 жылы команда күміс медаль иеленді.
Kcell компаниясы қызметкерлеріне арналған жаңа жылдық корпоративке 160 миллионға жуық қаражат жұмсаған
1100 адамға кешкі ас қарастырылған: қымбат салаттар, әртүрлі ассорти, стейктер, жемістер мен десерттер қойылған
Қазақстан шоу-бизнесіндегі ең даулы сәттер: 2025 жыл қандай жайттармен есте қалды?
2025 жылы желіде талқыланған даулар

