"Еуропаға барғанда "Нұр-Сұлтандағыдай" дейтін болам": Әнші Лолита елордадағы тазалық туралы (видео)
Ресейлік танымал әнші Лолита Милявская елордада өткен Nur-Sultan Music Awards музыкалық фестиваліне қатысты. Ол еліміздің бас қаласындағы тазалыққа тәнті болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қаласында өткен музыкалық фестивальде өнер көрсеткен Лолита Милявская елордадағы тазалыққа тәнті болғанын жеткізді.
«Мен осы елдің махаббатын жан-тәніммен сезінемін . Бұл ғажайып ел. Мен бұрын бір жерге барған сайын, турист ретінде таза, ұқыпты нәрселерді көргенімде «Еуропадағыдай» дейтінмін. Ал енді Еуропаға барғанда «Нұр-Сұлтандағыдай» деп айтатын боламын», - дейді әнші.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"