Еуропада Жаңа жылдан кейін В типті тұмау түрі өршіді
Еуропада В тұмауы өршіді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Pexels.com
Жаңа жылды тойлау, отбасылық жиындар мен достармен кездесулер бүкіл Еуропаны шарпыған тұмау эпидемиясын жеделдете түсті.
Францияда Рождестводан кейін жағдай нашарлады. Көбіне 15 жасқа дейінгі балалар ауырып жатыр. Жыл сайын қыста 2-6 миллион француз тұмау вирусын жұқтырады.
Румынияда тұмаудың асқынуынан төрт адам қаза болды. Ұлттық денсаулық сақтау институты өткен аптада ресми түрде 4100-ден астам жағдай тіркелгенін айтады. Бұл алдыңғы аптадағы саннан екі есе дерлік.
Испанияда да тұмау, бронхиолит және COVID-19 көрсеткіштері артып келеді.
Каталония мен Валенсия автономиялық қауымдастықтарындағы денсаулық сақтау мекемелері дабыл қақты, дегенмен жағдай келесі аптада нашарлайды деп болжанды. Сақтық шарасы ретінде үш облыстағы ауруханалар міндетті түрде маска тағуды қайта енгізіп жатыр.
Италияда қаңтардың екінші жартысында ауру асқынады. Дәрігерлердің болжауынша, елде апта сайын екі миллионнан астам жұқтыру жағдайы анықталады.
Биыл ең көп В типті тұмау таралған. Соның кесірінен дене қызуы көтеріліп, аяқ-қолы ауырып, жөтеледі. Ол 60 жастан асқан ауыр респираторлық аурулармен ауыратын науқастарға қауіп төндіреді.