AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еуропада пандемия аяқталуға жақын қалды – ДДСҰ 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропада пандемия аяқталуға жақын қалғанын мәлімдеді. ДДСҰ еуропалық бюросының директоры Ханс Клюге вирусты бақылауға алудың мүмкіндігі пайда болғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Reuters басылымына сілтеме жасап. 

пандемия

Оның сөзінше, қазір коронавирустан көз жұмғандар саны азайған және Еуропа негізгі үш фактордың негізінде пандемияны жеңуге мүмкіндік алып отыр: тұрғындардың басым бөлігінің вакцина алуы және коронавирус жұқтырып, жазылғандар санының көбеюі, вирустың жылы мезгіде тарау жылдамдығы азаятыны және "омикрон" штамының жеңіл өтуі.

"Қорғаныстың жоғары деңгейі қалыптасқан бұл мезгілді оттың баяу жануы деп қабылдауымыз керек. Бұл бізге жаңа мүмкіндік береді", - деп түсіндірді Клюге. 


Коронавирустың жаңа штамы пайда болуы мүмкін бе - ДДСҰ басшысы жауап берді


Ол көктемде вирустың өршуі басылып, тұрғындарда вирустан қорғанудың жоғарғы деңгейі қалыптасады деп санайды.

ДДСҰ өкілі Еуропа елдерін вакцинаны шекара арқылы өзге елдерге жеткізуді сұрады. Бұл барлық азаматтарға вакцинаның қолжетімді болуы үшін қажет дейді ол. Ғалымдар адамдардың көп бөлігі вакцина алмаса, коронавирус әрі қарай да тарап, жаңа мутациялардың пайда болуы мүмкін екенін ескерткен. 

Айта кетейік, ДДСҰ басшысы Тедрос Адхан пандемияның аяқталатын мерзімін атаған еді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр