Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еуропада маймыл шешегі ауруын жұқтырғандар үш есеге өскен

Соңғы екі аптада Еуропада маймыл шешегімен ауырып жатқандар саны үш есеге өсті. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) аймақтық бюросының директоры Ханс Клюге мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ДДСҰ сайтына сілтеме жасап.

шешек

Ол ЕО-ның барлық елдерін аурумен күресу үшін бар күш-жігерін салуға шақырды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының еуропалық бөлімшесінің басшысы індеттің шығуы нағыз қауіп деп санайды. Оның айтуынша, вирус неғұрлым ұзақ таралса, соғұрлым оның тудыратын дерті эндемиялық емес елдерде күшейе түседі.

Жалпы, қазір әлемде маймыл шешегі ауруына шалдыққан 4500-ден астам адам тіркелген. Ауру 51 елде тіркеліпті. Сонымен қатар, індетті жұқтырғандардың 90 пайызы Еуропаға қатысты. Ауру континенттің 31 елінде тіркелген. Науқастардың 99 пайызы 21 бен 40 жас аралығындағы ер адамдар.

"Қуанышқа орай, әзірге өлім-жітім тіркелген жоқ. Жұқпалы аурулардың көпшілігі бөртпемен қатар жүреді, сонымен қатар қызу көтерілу, шаршау, бұлшықет ауыруы, құсу, диарея, қалтырау, тамақ ауруы немесе бас ауруы сияқты белгілер де жиі кездеседі", – деді Клюге.

Талқылау