Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еуропада құс тұмауының өршуі тіркелді

meat-expert.ru құс тұмауыФото: meat-expert.ru

Еуропада құс тұмауының өршуі байқалып отыр. Жоғары патогенді құс тұмауының таралуы үкіметтер мен құс шаруашылығы саласында алаңдаушылық туғызуда, себебі бұл құс санының азаюына, сауда шектеулеріне, жұмыртқа мен азық-түлік бағасының өсуіне және жаңа пандемия қаупіне әкелуі мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Reuters порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Негізінен жабайы құстар арқылы таралатын вирус тамыздан қазанның ортасына дейінгі аралықта Еуроодаққа мүше 10 елде және Ұлыбританияда 56 ошақты тудырған. Ең ірі өршу Польшада, Испания мен Германияда тіркелді. Осы аптада Бельгия мен Словакия биылғы маусымдағы алғашқы құс тұмауы жағдайлары туралы хабарлады.

Биыл індет әдеттегіден ертерек басталғаны атап өтілді. Өткен жылы осы кезеңде тоғыз елде барлығы 31 ошақ тіркелген еді. 

Еуроодақ елдері індетке қарсы шаралар қабылдай бастады. Бельгияда барлық үй құстарын жабық қораларда ұстау бұйырылды, ал Францияда үй үйректері арасында құс тұмауына қарсы жыл сайынғы вакцинация жүргізіліп жатыр.

Құс тұмауы АҚШ пен Азияға да тарады. АҚШ-та 180 миллионнан астам құс жойылып, бұл жұмыртқа бағасына әсер етті. Жапония осы аптада маусымдағы алғашқы жағдай тіркелгенін хабарлады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы адамдардың құс тұмауын жұқтыру қаупі төмен екенін, бірақ мұндай жағдайдың болуы мүмкін екенін мәлімдеді.


Исландияда алғаш рет маса пайда болды


Вирустар белсенді таралатын кезең: Мамандар күзде иммунитетті қалай нығайтып, аурудан қорғану керегін айтты


Еске салайық, бұған дейін қазақстандық әйел мысық тістеген соң көз жұмғанын жазған едік. Мысық тістеген соң әйел құтырма ауруының клиникалық белгілерімен Лисаков қалалық ауруханасына жеткізілген. Медициналық көмек туралы өтініш кеш түсіп, науқасты аман алып қалу мүмкін болмаған. Қостанай облысында 2020 жылдан бері құтырма ауруынан қайтыс болу жағдайы бірінші рет тіркеліп отыр. Құтырма – вирус арқылы таралатын аса қауіпті инфекциялық ауру. Аурудың инкубациялық кезеңі ұзаққа созылып, орталық жүйке жүйесін (энцефаломиелит түрінде) зақымдайды және 100% өліммен аяқталады. Сондықтан құтырмаға қарсы вакцина аурудың алдын алудың жалғыз тиімді жолы.

Айым Атамбаева
Сенбі, 25 Қазан, 2025 18:06
Талқылау