Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еуропада қақталған қырықаяқ пен қуырылған бүйіні жеуге рұқсат етілмек

Қақталған қырықаяқ, қуырылған бүйі, құмырсқадан коктейль. Бұл жаңа азық-түлік өнімдері Еуропадағы тағамдар қатарына кіреді,- деп хабарлайды Хабар 24.

Келер жылы қаңтар айының бірінен бастап Еуроодақ аумағында «Новел фуд» қаулысы күшіне енеді. Құжат жеуге келетін жәндіктерді өсіріп, сатуға рұқсат береді. Бұл әзірге тағам ретінде қолданылатын 2 мың жәндіктің бірнеше түріне ғана қатысты болып отыр. Жәндіктер протеинге бай, нәрлі әрі құнарлы болып саналады. Сондықтан БҰҰ-ның азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы жәндіктерден жасалған өнімдерді асқа пайдалануға шақырды. Бүгінде Бельгия мен Нидерландының дүкен сөрелерінен мұндай тауарларды жиі кездестіруге болады. Ал Италия халқы жерортатеңіздік диетаны ұстанатындықтан, жаңа өнімдерге тәбетсіз.

«1 қаңтардан бастап азық-түлік өнімдерінің қатарына жеуге жарамды жәндіктер де кіруі мүмкін. Содан соң нарыққа шығарып, жаңа өнімді бақылайды. Қазірден бастап құзыретті органдарға тұтынушылардың қауіпсіздігіне кепілдік береді», – дейді Coldiretti шаруалардың Ұлттық конфедерация бөлімінің басшысы Роландо Манфредини.

Жіберіп алмаңыз:

Бойжеткен аяқ киімді бастапқыдай аппақ етіп тазартудың әдісін айтты

Аяқ киімді тазалаудың оңай әдісі

Суға түсіп кеткен қалта телефонын қалыпқа келтіру әдісі табылды

Талқылау