Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Суға түсіп кеткен қалта телефонын қалыпқа келтіру әдісі табылды

Суға түскен немесе су төгілген қалта телефоны кәдеге аспай қалатын кездің ауылы алыстаған сыңайлы. Бұлай дейтініміз, 20 жастағы екі испан жігіті мұндай телефондарды қалыпқа келтіре алатын химиялық ерітіндіні ойлап тауыпты.

waterrevive

Бұл туралы espanarusa.com хабарлайды.

Мадрид қаласының тұрғындары өздерінің ғылыми өнертабысын Waterrevive Blue (Уотәривайв Блу) деп атаған. Олар қазір, тіпті бұл өнімді қаланың қырыққа жуық сауда орнында сатуға шығарып қойған екен.

Өзінің тиімділігін 98%-ға дәлелдеген бұл сұйықтықты ішінде ауасы жоқ пакетке құйып, телефонды небәрі 7 минутқа салып қою керек. Бұдан соң аппаратты бір тәулік бойы кептіру қажет. Осыдан кейін телефон бұрынғы қалпына түсіп, жұмыс істейтін болады. Бірақ, егер ол суға түскен кезде қысқа тұйықталған болса – бұл сұйықтық көмектеспеуі мүмкін.

Талқылау