Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еуропа чемпионаты: Ойындар кестесі

Биылғы жаздың байрақты бәсекелерінің шымылдығын футболдан Еуропа чемпионаты ашады. Кәріқұрлықтың 11 қаласында өтетін дүбірлі дода 11 маусымда басталып, тура 1 айға жалғасады.

Футбол сарапшылары мен жанкүйерлері асыға күтетін ойындар – соңғы F тобында. “Өлім тобында” әлем чемпионы – Франция, өткен Еуропа чемпионатының жеңімпазы – Португалия, барған додасынан жүлдесіз қайтпайтын – Германия секілді кіл мықтылар жиналған. Ал топтың аутсайдері – Венгрия. 

Қос чемпион мен “Бундестим” арасындағы ұпай үшін талас талай жанкүйердің делебесін қоздыратыны анық. Оған қоса сапында кіл “сен тұр, мен атайындар” жиналған құрамалардың “жан алысып, жан беріскен” ойындары Еуропа чемпионатының көркін қыздыратыны белгілі. 

D тобында да қызыққа толы ойындар күтіп тұр. Жүлде алудан үмітті Англия мен әлем чемпионатының финалисі Хорватияға Еуропаның қақ орта деңгейлі құрамалары – Шотландия мен Чехия бәсекелес болары анық. 

Қалған 4 топтағы жағдай біркелкі. Бір фаворит пен бір-бірімен шамалас құрамалар жиналған. Дегенмен, бұл төрт жылда бір келетін, әрбір футболшының армандаған жарысы екенін естен шығармау қажет. Мұндай дүбірлі додада кез келген ұжым жүлдеден үмітті болары белгілі. 

Назарларыңызға Еуропа чемпионатының ойындар кестесі мен қажетті мағлұматтарды ұсынамыз. 

Жеребе нәтижесі.

A тобы (Рим/Баку қалаларында өтеді): Түркия, Италия (алаң қожайыны), Уэльс, Швейцария
B тобы (Копенгаген/Санкт-Петербург): Дания (алаң қожайыны), Финляндия, Бельгия, Ресей (алаң қожайыны)
C тобы (Амстердам/Бухарест): Нидерланды (алаң қожайыны), Украина, Австрия, Солтүстік Македония
D тобы (Лондон/Глазго): Англия (алаң қожайыны), Хорватия, Шотландия (алаң қожайыны), Чехия
E тобы (Севилья/Санкт-Петербург): Испания (алаң қожайыны), Швеция, Польша, Словакия
F тобы (Мюнхен/Будапешт): Венгрия (алаң қожайыны), Португалия (чемпион), Франция, Германия (алаң қожайыны)

 

*Нұр-Сұлтан уақыты көрсетілген

Топтық кезең

12 маусым

A тобы: Түркия - Италия (01:00, Рим)

A тобы: Уэльс - Швейцария (19:00, Баку)
B тобы: Дания - Финляндия (22:00, Копенгаген)

13 маусым

B тобы: Бельгия - Ресей( 01:00, Санкт-Петербург)

D тобы: Англия - Хорватия (19:00 Лондон)
C тобы: Австрия - Солтүстік Македония ( 22:00, Бухарест)

14 маусым

C тобы: Нидерланды - Украина ( 01:00, Амстердам)

D тобы: Шотландия - Чехия (19:00, Глазго)

E тобы: Польша - Словакия (22:00, Санкт-Петербург)

15 маусым

E тобы: Испания - Швеция (01:00, Севилья)

F тобы: Венгрия - Португалия (22:00, Будапешт)

16 маусым

F тобы: Франция - Германия (01:00, Мюнхен)

B тобы: Финляндия - Ресей(19:00, Санкт-Петербург)

A тобы: Түркия - Уэльс (22:00, Баку)

17 маусым

A тобы: Италия - Швейцария (01:00, Рим)

C тобы: Украина - Солтүстік Македония (19:00, Бухарест)

B тобы: Дания - Бельгия (22:00, Копенгаген)

18 маусым

C тобы: Нидерланды - Австрия (01:00, Амстердам)

E тобы: Швеция - Словакия (19:00, Санкт-Петербург)

D тобы: Хорватия - Чехия (22:00, Глазго)

19 маусым

D тобы: Англия - Шотландия (01:00, Лондон)

F тобы: Венгрия - Франция (19:00, Будапешт)

F тобы: Португалия - Германия (22:00, Мюнхен)

20 маусым

E тобы: Испания - Польша (01:00, Севилья)

A тобы: Италия - Уэльс (22:00, Рим)

A тобы: Швейцария - Түркия (22:00, Баку)

21 маусым

C тобы: Солтүстік Македония - Нидерланды (22:00, Амстердам)

C тобы: Украина - Австрия (22:00, Бухарест)

22 маусым

B тобы: Ресей- Дания (01:00, Копенгаген)

B тобы: Финляндия - Бельгия (01:00, Санкт-Петербург)

23 маусым

D тобы: Чехия - Англия (01:00, Лондон)

D тобы: Хорватия - Шотландия (01:00, Глазго)

E тобы: Словакия - Испания (22:00, Севилья)

E тобы: Швеция - Польша (22:00, Санкт-Петербург)

24 маусым

F тобы: Германия - Венгрия (01:00, Мюнхен)

F тобы: Португалия - Франция (01:00, Будапешт)

Әр топтан ең көп ұпай жинаған екі құрама мен үздік көрсеткішке ие төрт үшінші орын иегері плей-офф кезеңіне жолдама алады.

24 және 25 маусым – демалыс күндері

ПЛЕЙ-ОФФ
1/8 финал

26 маусым

1: 2A - 2B (22:00, Амстердам)

27 маусым

2: 1A - 2C (01:00, Лондон)

3: 1C - 3D/E/F (22:00, Будапешт)

28 маусым

4: 1B - 3A/D/E/F (01:00, Севилья)

5: 2D - 2E (22:00, Копенгаген)

29 маусым

6: 1F - 3A/B/C (01:00, Бухарест)

7: 1D - 2F (22:00, Лондон)

30 маусым

8: 1E - 3A/B/C/D (01:00, Глазго)

30 маусым және 1 шілде - демалыс күндері

Ширек финал

2 шілде

1 ширек финал: 6 матч жеңімпазы - 5 матч жеңімпазы (22:00, Санкт-Петербург)

3 шілде

2 ширек финал: 4 матч жеңімпазы - 2 матч жеңімпазы (01:00, Мюнхен)

3 ширек финал: 1 матч жеңімпазы – 3 матч жеңімпазы (22:00, Баку)

4 шілде

4 ширек финал: 8 матч жеңімпазы – 7 матч жеңімпазы (01:00, Рим)

4 және 5 шілде - демалыс күндері

Жартылай финал

7 шілде

1 жартылай финал: 1 ширек финал жеңімпазы - 2 ширек финал жеңімпазы (01:00, Лондон)

8 шілде

2 жартылай финал: 4 ширек финал жеңімпазы - 3 ширек финал жеңімпазы (01:00, Лондон)

8, 9, 10 шілде - демалыс күндері

Финал

11 шілде

Талқылау