Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еуроодақ жиһадшылар Рождество қарсаңында теракт ұйымдастырады деп ескерту жасады

Еуропалық ішкі істер комиссары Ильва Юханссон алдағы рождество мерекелерінде Еуропалық Одақ аумағында террорлық шабуылдардың үлкен қаупі бар екенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Юханссон қауіптің күрт өсуін Израиль мен ХАМАС арасындағы соғыстан туындаған әлеуметтік поляризациямен байланыстырды. Ол не себепті мұндай ойда екенін айтпады. Бірақ бұл туралы Париждегі қарулы шабуылдан кейін айтылды.

"Біз мұны жақында Парижде, бұған дейін де көрдік", – деді Юханссон.

Еуроодақ билігі қосымша қауіпсіздік шараларына 30 миллион еуро бөлген. Германияның ішкі істер министрі Нэнси Фазер де осындай ескерту жасады. Оның сөзінше, "залым исламшыл қылмыскерлердің радикалдану" қаупі жоғары.

ХАМАС пен Израиль арасындағы қақтығыстан соң Еуропа елдерінде бірқатар қылмыстар орын алды. Мәселен, өткен сенбіде Париждің орталығында, Эйфель мұнарасының жанында туристерге шабуыл жасалды. 23 жастағы Коллин Б. есімді неміс турист пышақ жарақатынан мерт болды, ал оның құрбысы мен тағы бір британдық турист жарақат алды.

Полицейлер 26 жастағы ирандық Арманд Р. есімді азаматты ұстады. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ол "Ислам мемлекеті" тобында болған және бұған дейін Париждегі La Défense іскерлік ауданында теракт жоспарлағаны үшін түрмеде отырған. Сонымен қатар 2020 жылы Париждегі мұғалімді өлтірген Абдулла Анзоровпен байланысы бар деп одан жауап алынған.

Өткен аптада Леверкузен қаласындағы рождестволық базарға жиһадшылар шабуылын жоспарлады деген күдікпен екі жасөспірім ұсталды. Былтыр Германияға келген 20 жастағы ирактық жігіт те Ганновердегі рождестволық базарда пышақпен шабуыл жасауды жоспарлады деген күдікпен қамауда отыр.

Тюрингияның конституциялық қорғау агенттігінің басшысы Стефан Крамер ХАМАС жақтастары тек рождестволық базарларға ғана емес, Париж олимпиадасы мен ірі спорттық іс-шараларға қауіп төндіруі мүмкін екенін айтты.

Талқылау