Еуроодақ виза алу тәртіптерін өзгертті
Еуроодақ ресми түрде виза алу тәртіптерін өзгерткенін сайттарында жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қазір сапар шегер алдында 6 ай бұрын визаға тапсырыс беруге болады: бұрын бұл уақыт 3 ай еді. Бүгінгі күні визаға электронды түрде құжат тапсыруға болады. Дегенмен 59 айда бір рет елшілікке барып, саусақ іздерін өткізіп тұру қажет.
Еуроодақ бұған қоса визаға бірнеше рет өтініш беретін азаматтар үшін бұл үдерісті жеңілдетті. Егер азаматтың визалық тарихы мінсіз болса, ол алдағы уақытта визаның мерзімін ұзарта алады. Құжаттардың қаралу уақыты сол күйінде 15 күннен өзгертілмеген. Кейбір жағдайларды бұл үрдіс 45 күнге созылуы мүмкін екен.
Жаңа тәртіп ЕО-ға мүше елдерге өту үшін виза қажет 105 мемлекеттің азаматтары үшін қолданылады. Ал визаны қажет етпейтін мемлекеттердің тұрғындары үшін ереже өзгертілмеген.
Бұл ереже заңсыз миграцияны азайтады дейді Еуроодақ қызметкерлері. Еурокомиссия мемлекеттердің ЕО-мен серіктестігін осылай бақылайтын болады. Яғни шетелде заңсыз жүрген азаматтар анқыталған жағдайда өз елдеріне депортацияланады.
Сонымен қатар жаңа тәртіп ЕО-ға мүше мемлекеттерге туристік, сауда және еңбек барысымен баратын азаматтар үшін виза алуды едәуір жеңлдетеді.