Еуроодақ Украинаға "Ресейдің кибершабуылдарына" тойтарыс беруге көмектеседі
Еуроодақ Украинаға көмек көрсету үшін Киберкеңістікте жылдам әрекет ету күштерін (CRRT) пайдаланбақ. Жақында құрылған топта 8-12 сарапшы болмақ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Defense News басылымына сілтеме жасап.

"Украинаның сұранысынан кейін Литва, Нидерланды, Польша, Эстония, Румыния және Хорватия Киберкеңістікте жылдам әрекет ету күштерін украиналық институттарға төнген киберқауіппен күресуде көмектесу үшін пайдаланады", – деді Литваның қорғаныс министрінің орынбасары Маргирис Абукевичюс.
CRRT 2019 жылы Еуроодақтың мемлекеттердің қауіпсіздігі мен серіктестігін нығайту бойынша бастамасы негізінде құрылған.
Абукевичюстің сөзінше, CRRT қатысушылары осы аптада белсенділік сұрақтарын талқыламақ. Дегенмен ІТ-қорғанысы бойынша нақты қандай мамандардың жұмыс істейтіні әлі жария етілмеген. Сонымен қатар ол киберкеңістікте жылдам әрекет ету күштерінің Украинада орналасуы мүмкін екенін қосып өтті.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген