ЕУРО-2024: Түркия мен Нидерланды ширек финалда
Түркия мен Нидерланды құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатының ширек финалына шықты. Енді қос құрама бір-біріне қарсы ойнайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Gettyimages.ru/
Еуропа чемпионатының плей-офф кезеңінде Түркия мен Нидерланды құрамасы жеңіске жетіп, ширек финалға жолдама алды. Түріктер Аустрия құрамасын 2:1 есебімен ұтса, Нидерланды құрамасы Румынияның қақпасына жауапсыз 3 гол соқты."Ред Булл Арена" стадионында Түркия құрамасы мен Аустрия арасында өткен матчта Мерих Демирал дубль авторы атанса, Нидерланды сапында Дониелл Мален де қарсыластар қақпасына екі гол соқты. Енді Түркия мен Нидерланды құрамасы ширек финалда бір-біріне қарсы ойнайды.
Айта кетейік, бұған дейін Франция құрамасы мен Португалия командасының ширек финалға жолдама алғанын жазған едік.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”