Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ЕУРО-2024: Франция Аустрия құрамасын әрең жеңді

Франция құрамасы футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатын сәтті бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Gettyimages.ru

D тобында өнер көрсететін Франция мен Аустрия құрамасы арасындағы матч тартысқа толы өтті. Мбаппе бастаған француздық футболшылар Аутрия құрамасын минималды есеппен жеңді. "Эсприт Арена" стадионында өткен матчтың 37-минутында аустриялық футболшы Максимилиан Вебер өз қақпасына гол соғып алды. Дәл осы гол ойынның тағдырын шешті. Бұдан кейін қос құрама қанша тырысқанмен гол соға алмады. Тіпті Мбаппе 54-минутта қақпашымен бетпе-бет шығып, қақпадан қиыс тепті. 

Айта кетейік, бұған дейін Е тобында ойнайтын құрамалардың алғашқы матчтағы жеңімпаздары анықталғанын жазған едік. 

Талқылау