Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ЕУРО-2021: С тобының тағдыры шешілетін түн

Бүгін футболдан Еуропа чемпионатының топтық кезең аясында С тобының екі матчы өтеді. 

Украина – Аустрия

Румыния. Бухарест. Ұлттық стадион

Бас төреші:  Жүнейт Чакыр (Түркия)

Екі құрама да С тобында иық тіресіп келеді. Солтүстік Македонияны жеңіп, Нидерландыға есе жіберген Украина мен Аустрия үшін бұл матчтың маңызы жоғары. Өйткені кездесуде плей-офф кезеңінің жолдамасы сарапқа салынады. Әзірге Украина доп айырмасы бойынша С тобында екінші орында тұр. Алайда олар Аустриядан жеңілсе, жолдамадан қағылуы мүмкін. 

Бұл айқаста Аустрияға қиын соқпақ. Өйткені оларға тек жеңіс қажет. Тең нәтиженің өзі Аустрияға жолдаманы бермейді. Ал үшінші орынды қанағат тұтса, плей-офф кезеңінің жолдамасы түсуі екіталай. 

1xBet букмекерінің матчқа ұсынған коэффициенттер:

Украина жеңісі– 3.68

Тең нәтиже – 1.96

Аустрия жеңісі – 4.10

 

Солтүстік Македония – Нидерланды

Нидерланды. Амстердам. Йоахан Кройфф атындағы стадион

С тобының аутсайдері мен фавориті Амстердамда ойнайды. Қос құрама үшін де бәрі шешіліп қойған. Нидерланды еш уайымсыз топтан бірінші орынмен плей-оффқа шықса, соңғы орында қалған Македония үшін турнир осымен тәмам. 

Дегенмен Нидерланды жанкүйерлерінің алдында тамаша ойын көрсетуге тырысары анық. Ал Солтүстік Македония Еуропа чемпионатына кездейсоқ келмегенін дәлелдейді. Бұған дейін Украина мен Аустрияға тойтарыс беріп, қарсылас қақпасын дәл көздеген македониялықтар бұл жолы да кем дегенде Нидерландының қақпасын бос жібермеуге тырысады.

1xBet букмекерінің матчқа ұсынған коэффициенттер:

Солтүстік Македония жеңісі– 12.50

Тең нәтиже – 5.15

Нидерланды жеңісі – 1.34

Бүгінгі матчтар Нұр-Сұлтан уақытымен 22:00-де басталады. 

Талқылау