Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ЕУРО-2021: Алғашқы камбэк тіркеліп, Украина мен Нидерланды жеңіске жетті

Футболдан Еуропа чемпионатының топтық кезеңінің екінші тур матчтары өтті. Күннің алғашқы матчында Украина мен Солтүстік Македония кездесті.

Украина – Солтүстік Македония 2:1 

Матчтың тағдырын украиналықтар алғашқы таймда-ақ шешіп тастады. Олардың соққан екі голына Македония ойыншылары екінші таймда бір ғана голмен жауап бере алды. 

С тобы. 2 тур.

Украина – Солтүстік Македония 2:1 (2:0)

Голдар: Ярмоленко 29, Яремчук 34 – Алиоски 57.

Пенальти: Малиновский 83 (соқпады) – Алиоски 57.

Украина: Бущан (Қ), Степаненко, Ярмоленко (К) (Цыганков 70), Малиновский (Соболь 90+2), Яремчук (Беседин 70), Шапаренко (Сидорчук 78), Забарный, Миколенко, Зинченко, Караваев, Матвиенко.

Солтүстік Македония: Димитриевски (Қ), Адеми (Ристевски 85), Муслиу, Алиоски, Пандев (К), С. Ристовски, Велкоски (Тричковски 85), Николов (Трайковски 46), Бардхи (Аврамовски 77), Спировски (Чурлинов 46), Эльмас.

 

Дания – Бельгия 1:2 

Дания көпті таңғалдырды. Матчтың үшінші минутында есеп ашып, алғашқы таймда Бельгияның тығырыққа тіреді. Фаворит саналған бельгиялықтар ойынын көрсете алмай, абдырап қалды. Тек екінші таймда күш алып, екі гол соқты. Осылайша Еуропа чемпионатындағы алғашқы камбэкті жасады.

В тобы. 2 тур.

Дания – Бельгия 1:2 (1:0)

Голдар: Поульсен 2 – Т. Азар 55, де Брейне 70.

Дания: К. Шмейхель (Қ), Кристенсен, Кьер (К), Вестергор (Сков-Ольсен 84), Меле, Васс (Стрюгер-Ларсен 61), Хейберг, Дилейни (Йенсен 72), Поульсен (Нергор 61), Дамсгор (Корнелиус 72), Брейтвейт.

Бельгия: Куртуа (Қ), Вертонген (К), Денайер, Алдервейрелд, Т. Азар (Вермален 90+4), Дендонкер (Витсель 59), Тилеманс, Менье, Карраско (Э. Азар 59), Лукаку, Мертенс (де Брeйне 46).

 

Нидерланды – Аустрия 2:0 

Бұл матчта ешқандай ерекше нәтиже тіркелмеді. Нидерланды құрамасы өз деңгейінде ойын өрнегін көрсетіп, жауапсыз екі гол соқты. 

С тобы. 2 тур.

Нидерланды – Австрия 2:0 (1:0)

Голдар: Депай 11, Дюмфрис 67.

Нидерланды: Стекеленбург (Қ), Дюмфрис, де Фрей, де Лигт, Блинд (Аке 64), ван Анхолт (Вейндал 65), де Рон (Гравенберх 74), Вейналдум (К), Ф. де Йонг, Вегхорст (Мален 64), Депай (Л. де Йонг 82).

Австрия: Бахман (Қ), Ульмер, Хинтереггер, Драгович (Линхарт 84), Лайнер, Алаба (К), Лаймер (Гриллич 62), К. Шлагер (Онисиво 84), Баумгартнер (Лазаро 70), Забитцер, Грегорич (Калайджич 61).

Талқылау