Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ЕУРО-2020: Ширек финалға шыққан алғашқы құрамалар белгілі

Бүгін футболдан Еуропа чемпионатының 1/8 финалы басталды. Плей-офф кезеңінің шымылдығын Уэльс – Дания матчы ашты.

Дания Амстердамда өткен матчта Уэльстің қақпасына жауапсыз төрт гол соқты. Алғашқы таймда Каспер Дольберг есепті ашып, екінші таймда дубль авторы атанды. Матчтың соңында Меле мен Брейтвейт есепті еселей түсті.

 

Еуропа чемпионаты – 2020. Плей-офф. 1/8 финал

Уэльс – Дания 0:4 (0:1)

Голдар: Дольберг 27, 48, Меле 88, Брейтвейт 90+6.

Алаңнан қуылды: Х. Уилсон 90 – жоқ.

Амстердам. "Йохан Кройфф Арена". 

 

Жарыс фаворитінің бірі Италия қарсыласы Аустрияны жеңді. Матчтағы есеп тек негізгі уақыт аяқталып, қосымша уақыт қосылғанда алаң иелері ашты. Артынша есепті еселей түсті. Бұған Аустрия бір ғана голмен жауап қатты.

 

Еуропа чемпионаты – 2020. Плей-офф. 1/8 финал

Италия – Аустрия 0:0 (0:0)

Қосымша уақыт: 2:1

Голдар: Кьеза 90+5, Пессина 90+15 – Калайджич 90+24.

Лондон. "Уэмбли" 

 

Осылайша Еуропа чемпионатының ширек финалына алғаш болып Дания мен Италия құрамалары жолдама алды. Бүгін Нидерланды — Чехия және Бельгия — Португалия матчтары өтеді.

Талқылау