Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ЕУРО-2020: D тобынан плей-оффқа үш құрама шықты

Футболдан Еуропа чемпионатында D тобындағы соңғы тур матчтары аяқталды. Плей-оффқа төрт құрамының үшеуі шықты.

Көш бастап тұрған Англия құрамасы үшінші турда топтағы екінші жеңісіне қол жеткізді. Қоржынына 7 ұпай жинаған ағылшындар топтан бірінші орынмен шықты. 

Жеңілген Чехия 4 ұпаймен үшінші орынға жайғасты. Дегенмен, өз тобынан үшінші орын алған командалар арасында үздік нәтижемен плей-оффқа жолдама алды. 

Чехия - Англия - (0: 1)

Гол авторы: Стерлинг 12 (0:1)

 

Глазгода Шотландия әлемнің вице-чемпиондары Хорватиямен кездесті. Матч голға бай болды. Алғашқы таймда құрамалар тең түскенімен, ойынның екінші бөлігінде Хорватия жеңісті жұлып алды.

Хорватия осы жеңістің арқасында екінші орын алып, жолдамаға ие болды. Ал Шотландия көштің соңында қалды.

Хорватия – Шотландия – 3:1 (1:1)

Гол соққандар: Влашич 17 (1:0), Макгрегор 42 (1:1), Модрич 62 (2:1), Перишич 77 (3:1)

D тобындағы қорытынды кесте:

1. Англия – 7 ұпай

2. Хорватия – 4

3. Чехия – 4

4. Шотландия – 1

Англия, Хорватия және Чехия 1/8 финалға шықты. 

Талқылау