AAPL
130.48 $
2.46 %
TSLA
617.69 $
1.28 %
NDAQ
175.16 $
1.28 %
GOOGL
2448.91 $
0.77 %
FB
336.77 $
1.66 %
FRHC
59.48 $
1.16 %
AAPL
130.48 $
2.46 %
TSLA
617.69 $
1.28 %
NDAQ
175.16 $
1.28 %
GOOGL
2448.91 $
0.77 %
FB
336.77 $
1.66 %
FRHC
59.48 $
1.16 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еуразиялық банк 2020 жылды қорытындылады

“Еуразиялық банк” АҚ 2020 жылдың қорытындыларын жариялады. Елімізде өршіп тұрған эпидемиологиялық жағдай мен коронадағдарысқа қарамастан, қаржы ұйымы өткен жылды табысты аяқтаған. Жұмыс істеудің жаңа тәсілдері енгізіліп, цифрландыруға басты назар аударылған. 

Еуразиялық банктің жариялаған 2020 жылдың есебіне көз жүгіртсек, былтыр клиенттер саны 4 миллионнан асқанын байқауға болады. Ал бұл көрсеткіш банктің Қазақстан бойынша үздік үштікке ілінуіне сеп болыпты. Жалпы алғанда, банктің табысы 6,8 миллиард теңгеге жуықтаған. 2019 жылмен салыстырғанда (4,5 млрд теңге) бұл өте керемет көрсеткіш, дейді “Еуразиялық банк” АҚ төрағасы Валентин Морозов. 

“Біздің банк еліміз үшін ауыр болған 2020 жылды ұтымды түрде еңсере алды. Бұған – есебімізде жарияланған сандар дәлел. Активтеріміз ұлғайды, клиенттер базасын сақтап қана қоймай, оны арттыру мүмкін болды. Әсіресе, цифрландыру тұрғысынан біраз шаралар қабылданды. Негізінен, өткен жылды табысты аяқтауымызға бірден-бір себеп – банктің клиенттердің ыңғайына қарай икемделуі. Сондай-ақ, акционерлеріміздің уақытылы шешімінің арқасында жаңа шарттарға орай бизнесті бейімдей алдық”, – деп бастады сөзін “Еуразиялық банк” АҚ басқарма төрағасы Валентин Морозов Алматыда өткен баспасөз отырысында. 

Десек те пандемияның тигізген жағымсыз әсері де жоқ емес көрінеді. Мәселен, қатаң шектеу шараларының салдарынан қаржы институтының жалпы қарыз қоржыны 2020 жылдың 12 айында 644,788 млрд теңгеден 562,433 млрд теңгеге дейін азайған. Сонымен қатар, бөлшек кредиттер портфелі 2020 жылы жеке кәсіпкерлердің қарыздарын қосқанда 17,5%-ға 434,9 млрд теңгеге төмендепті. Осындай көрсеткіштерге қарамастан, Еуразиялық банк өзіне тиесілі Мәскеудегі еншілес банкті тиімді бағаға сата алған. 

“Өткен жылы банктің сенімділігін көрсете алдық. Оған мысал ретінде, клиенттердің депозиттері мен шоттарындағы қаражат 19,2%-ға өскенін алып қарайық. Жалпы,  2020 жылды табысты аяқтауымызға әсер еткен ең маңызды дүние – банктің өтімділігінің жоғары болуы. Бұл тұрғыда әртүрлі құралдар пайдаланылды. Банк несиелері, бағалы қағаздар, оның ішінде мемлекеттік бағалы қағаздар айтарлықтай рөл ойнады. Сондай-ақ, банктің тарифтік-мөлшерлемелік дұрыс саясатының арқасында бұған қол жеткізу мүмкін болды” , – деп атап өтті “Еуразиялық банк” АҚ басқарма төрағасының орынбасары Наталья Дружинина. 

Оның сөзінше, қатаң карантиннің әсерінен табыссыз қалған 185 мың клиент несиелерін кейінге шегерген. Олардың көп бөлігі қарыз төлеудің кестесіне қайта оралған, тек 20%-ы несие шарттарын қайта қарастыруға өтініш білдірген. 

Клиенттерден бөлек, мемлекет те банкке сенім артып отыр. Мәселен,  Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры 2020 жылы Tengri Bank және Астана банкі салымшыларының төлемдері бойынша агент ретінде Еуразиялық банкті қайтадан таңдаған. Оның арқасында клиенттердің ауқымы да кеңейген. 

“Еуразиялық банк” АҚ басқарма төрағасы Валентин Морозов

2020 жылы банктің меншікті капиталы 10%-ға, яғни 109,050 млрд теңгеге дейін өсті. Бұған банк акционерлерінің жарналары мен 2019 жылға дивиденд төлеуден бас тартуы себеп болған. 

Бүгінде банк – шағын және орта бизнес өкілдерінің тұрақты қолдаушысы. Өткен жылдың соңындағы көрсеткіштерге сәйкес, корпоративтік клиенттер базасында 17,2 мың заңды тұлға тіркелген. 

“Еуразиялық банк – бизнеске қаржылық қолдау көрсететін мемлекеттік бағдарламалардың белсенді қатысушысы. Атап айтсақ, 2020 жылы банк "Қазақстанның даму банкі" (4 989 589 теңге),  "ДАМУ" АҚ  (10 124 568 теңге) және "Қазақстанның тұрақтылық қоры" (2 180 153 теңге) арқылы 1205 азамат қаржыландыруға ие болды. Алдыңғы жылмен салыстырғанда біз өз позициямызды ұстап тұрмыз”, – деп қосты Наталья Дружинина.

Еуразиялық банктің биылға деген жаңалықтары жетерлік. Ең бірінші кезекте, қаржы институты электронды банкингке мән бермек. 

“Мәселен, осы жылы біз жаңа картаны іске қоспақшымыз. Бұл картаның ерекшелігі - клиенттің сұранысына қарай икемделуі. Алдағы уақытта бұл туралы қосымша хабарлаймыз. Екіншіден, мобильді банкингпен жұмысты күшейтеміз. Барлығы да клиенттердің ыңғайына қарай ұйымдастырылады. Десек те бұл дегеніміз банк филиалдары қысқарады деген сөз емес”, – дейді басқарма төрағасы Валентин Морозов.

Мұнымен қатар, банк халық пен кәсіпкерлердің қолма-қол ақшасыз төлемге бет бұруын жеделдету мақсатында мобильді терминалдар санын артырыпты. 2020 жылдың соңына қарай белсенді мобильді POS-терминалдар саны 2 132-ге жеткен. Ал терминал транзакцияларының жалпы сомасы 1,370 млрд теңгені құрады, бұл 2019 жылға қарағанда 30%-ға артық.

“Қазақстанның экономикасы тұрақталып келеді. Бұл - өте қуантарлық жағдай. Дей тұрғанымен, біз биылға ауыз толтырып, болжам жасауға әлі ерте. Себебі қаржы нарығы тұрақты емес. Инфляция, сыртқы факторлар бар дегендей. Егер еліміз осы қарқыннан таймаса, банкіміз өз дамуын жалғастырады деген ниеттеміз”, – деп аяқтады сөзін Валентин Морозов. 
Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр