Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Еуразияда да, Қазақстанда да тұңғыш кездесіп отырған жәдігер": Атырау облысында темір сауытты сармат батырының сүйегі табылды

Қазақстан археологиясында ерекше жаңалық. Атырау облысында темір сауытты сармат батырының сүйегі табылды. Мұны ғалымдар елімізде бұрын-соңды табылған алтын адамдардан да құнды дейді. Өйткені сауыт-сайманы сол күйі сақталған бұл мүрде тарихтың талай сырын ашуы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "31" арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Тарихи құндылығын жоймай сақтаған темір сауытты батыр сүйегін археологтар "темір адам" деп атапты. "Бұл сарматтың ақсүйегі, өйткені жерлеу рәсімі өзгеше" - , дейді археологтар. 2000 жылғы сүйек толық сақталған. Мүрденің жанында 1,5 метр семсері және ат әбзелдері бар. Тіпті, мәйітті жерлеу кезінде түтін түтеткен ожауына дейін сақталыпты. Сонымен қатар, алтын және күміс бұйымдары бар. 

Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы ауылынан жәдігерді тапқан археолог Марат Қасенов бұл тарихымыз үшін баға жетпес байлық дейді. 

"Өте құнды жәдігер. Қандай сауыт кигенін, қандай семсер, қандай қалған ұстағанын бізге көрсетіп тұр. Біздің ата-бабамыздың тікелей бізге қалдырған мұрасы десек болады. Еуразияда да, Қазақстанда да тұңғыш кездесіп отырған жәдігер", - деді археолог Марат Қасенов.

Ғалымдар темір адамды зерттеу кезінде талай жаңалықтар ашылуы мүмкін дейді. Өйткені, рентгеннің өзінен өткізген кезде түрлі құнды дүниелерді байқапты. 

"Рентгенге бастап түсірдік қой, мынаның астында талай нәрсе жатыр, біз оның не екенін әлі білмейміз. Рентгенмен астында жатқандардың бәрін көріп отырмыз, біз оны бұзбай сақтап қаламыз", - деді "Қырым аралы" ғылым-зерттеу орталығының басшысы Қырым Алтынбаев.

Археологтар үш қорғанға қазба жұмыстарын жүргізген. Бұған мәдениет министрлігі мен Атырау облысы әкімдігі қолдау көрсеткен. Әкімдіктерде бұл жұмыстарға әрі қарай да қолдау білдіруге дайын екендіктерін жеткізді.

Қазба жұмыстары кезінде темір адамнан басқа күміс, қола, киіктас, қорғасын, әйнек және т.б. шикізаттардан жасалған 560 жәдігер табылған. 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр