Қытайдағы "қайта тәрбиелеу" лагерьлерінде қазақтар жоқ - СІМ
Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қытайдағы "қайта тәрбиелеу" лагерьлерінде этникалық қазақтар жоқ екендігін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі SputnikҚазақстанға сілтеме жасап.
"Қайта оқыту" деген орталықтарда этникалық қазақтар болды. Бірақ былтыр біздің мемлекет басшымыз Қытайға барған кезде, ол елдің үкіметі этникалық қазақтар бұл орталықтардан шығарылғанын ресми түрде хабарлады", - деді Тілеуберді.
Соңғы екі жыл ішінде СІМ Қазақстанға Қытайдың Ұйғыр автономдық округіндегі Шыңжаңдағы этникалық қазақтардан бес мыңнан астам сұраным келіп түсіпті. Министрдің айтуынша, олардың барлығына қажетті көмек көрсетілді.
Былтыр этникалық қазақтарға 43 мың виза берілді. Ол бір мәртелі емес, үш жылға тегін берілетін визалар. 2018 жылы біз тек 8 мың ғана берген едік. Өсім қандай екенін көріп тұрсыз ба? Этникалық қазақтар Қазақстанға көптеп келіп жатыр", - деп қосты шенеунік.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді