Бүкіл Қазақстанды етпен қамтамасыз етіп отырған ақтөбелік қожалық басшысы мал басын қалай көбейткенін айтты
Ақтөбедегі ірі қара, қой және жылқы өсіруге маманданған "Арман-М" шаруа қожалығы қазіргі уақытта бүкіл ел аумағын етпен қамтамасыз етіп келеді. Сонымен қоса Jusan Bank-пен серіктестік орнатқан қожалық мал басын көбейтіп ғана қоймай етті шетелге экспорттауды жолға қойған. Халыққа таза, табиғи өнім беруді басты құндылық еткен бұл қожалық жергілікті азаматтарға да тұрақты жұмыс тауып беріп отыр.
2013 жылы құрылған "Арман-М" шаруа қожалығында қазіргі таңда 1500 бас асыл тұқымды еділбай қойы, 500 аса бас асыл тұқымды сиыр және 700 бас жылқы бар. Сонымен қатар қожалықта 3000 бас бордақылау алаңы бар. Ал қожалықтың басты құндылығы - халыққа таза, табиғи өнім беру және ет өнімдерін экспортқа шығару.
Қабиболат Нұржанов "Арман-М" қожалығының 10 жылдан астам уақыттан бері жұмысын жүргізіп келетінін айтады. Сөзінше, қожалық біріншіден мал шаруашылығының ішінде асылдандыру бағдарламасымен айналысады.
"Қазіргі уақытта Ақтөбе облысындағы 565 қожалықта біздің бұқаларымыз жүр. Одан шыққан төлдерді біз өзіміз қайта сатып аламыз. Олардың салмағы 420 кг, тіпті одан жоғары 550 кг дейін барады. Үш айдың арасында семіртіп, біз олардың еттерін ішкі базарларға өткіземіз. Ақтөбеде біздің қожалықтың "Топатай" дүкені бар, сол жерде халық біздің өнімдерді ала алады", - дейді Қабиболат Нұржанов.
Ақтөбеде қаласында қожалықтың бірнеше дүкендер желісі бар. Бұл жерде ет өнімдері сатылады. Оның ішінде атап айтқанда – сиыр еті, жылқы еті, қой еті және тауық еті. Қазақстан бойынша ресми түрде сертификаты бар қожалық "Топатай" брендін де өздері алғаш ойлап тапқан.
"Біз – қазақтар етсіз отыра алмаймыз ғой. Сүтсіз, қымызсыз дастарханымызды елестету тіпті мүмкін емес. Ауа райына байланысты біз салқын, суық күндерде жүреміз. Сол себепті ет те өтімді болады. Ет жемесек қазақ боламыз ба?!", - дейді Қабиболат Нұржанов.
Қожалық басшысы Қазыбек Әлішев Jusan Bank-пен жұмыс жасағанға дейін шаруа қожалықта небәрі 200 астам ғана ірі қара мал болғанын еске алады. Jusan Bank-тен айналымға қаражат алуының арқасында қазіргі таңда ірі қара мал саны 3000 бастан артылып жығылады екен.
"Jusan Bank-тің айналымға ақша алу тетігінің арқасында Өзбекстан Республикасының Zamin, Promeat секілді мекемелерімен экспорттық әріптес қарым-қатынаста жұмыс жасап келеміз. Өз кезегімде банкпен қоян-қолтық жұмыс істегеніміздің және берген қаражатының көмегімен осындай жетістікке жетіп отырғанымызды атап өткім келеді", - дейді қожалық басшысы.
"Арман-М" шаруа қожалығының жұмысшыларының 95 пайызы – Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Талдысай ауылының азаматтары. Бұл азаматтар осы қожалықта маңдай терлерін төгіп, адал еңбекақыларын алып өз отбасыларын асырауда.
Тағы бір атап өтерлігі шаруашылықпен айналысып жүрген кезде қызметкерлерді ынталандыру мақсатында тимбилдинг өткізу кезінде қазақы дәстүр мен салт-сананы дәріптеу мақсатында қожалықта көкпар құрамасы құрылған. Мақтанышын жасырмаған қожалық басшысы сол көкпар құрамасының аудандық, облыстық, тіпті республикалық деңгейде жарыстарға қатысып, жүлделі орындарын алып жүргенін баса айтады.
"Біз өз кәсібімізді сүйеміз. Әлбетте, жұмыс кезінде түрлі қиыншылықтар кездесіп тұрады. Қыстың суық күндері мен жаздың аптапты ыстықтарында біздің шопандарымызға да оңай емес. Бірақ солай екен деп бәріміз қалаға барып отырып алсақ, бізге өнімді кім береді?! Қаладағы адамдарды асырауымыз қажет қой біздің", - дейді қожалық жұмысына жауапты Қабиболат Нұржанов.
Бір айта кетерлігі, Jusan Bank бүгінде ШОБ секторын 900 млрд теңгеге қаржыландырып отыр. Соның арқасында бүкіл республика бойынша жаңа 175 мың жұмыс орнын ашылды.