Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ет тағамын “Атадәм” деп атауды ұсынған Шымкент тұрғыны жұртты өзін қолдауды шақырды

Шымкент тұрғыны ет тағамын “Атадәм” деп атауды тағы да ұсынып,  жұртты өзін қолдауға шақырды.

Замана газеті хабалағандай, бұған дейін шымкенттік Бекен Елубайұлы ет тағамын «Бес­бар­мақ» емес, «Атадәм» деп атайық» деген ұсыныс айтқан болатын.

Ұсыныс көпшілік арасында қызу пікірталас тудырды, тіпті өз пікірін қатты айтып жібер­гендер де болды. Осыған орай кешегі аптада редакция­мызға аталған мақала авторы Бекен Елубайұлының өзі келді. Өз ұсынысына қа­тысты жұрттың не айтқанын толық оқып шыққанын айтқан Бе­кең жариялауымызды өтініп, жазбаша түрде мынадай пікі­рін қалдырды:

Аталмыш атауды алдарыңызға тартуыма басты тағамымызға қатысты бірер жылдардан бергі ізденісім түрткі болды. Бұл атауды ұлттық мүдде­мізді көздей отырып ұсынғандағы мақсатым – ардақты асымыздың тілге жеңіл, жүрекке жылы тиер жаңа аты ар­қылы ұлттық рухымыз да көте­ріле түсе ме деген ой еді. «Ата» ұғымы арқылы оның қастерлі дәм екендігі де аңға­рылып тұруын жөн көргенмін.

Мен ұсынған атау алдағы уақытта кеңірек қолданысқа еніп жатса, рухани жаңғыруға қосқан тамшыдай болса да үле­сім болар еді деп есеп­теймін. Мақаламда көтерілген көкейтесті мәселеге аз да болса оң пікір білдірген оқырмандарға шын көңілден алғысымды білдіремін».

Шымкенттік Бекен Елубайұлы осылай дейді. Бекең өзі­нің өзгеше ұсынысынан бәрі­бір де қайтпайтынын, жұртшылықты өзін қолдауға шақыратынын тағы да білдірді.

Тағы да оқыңыз:

Алматы облысының тұрғындары аязда өздігінен пайда болған алып мұзды көріп таңғалуда (фото)

Қария тойда есіріп билеп жатқан қыз бен жігітті таяқпен салып қалды (видео)

Жер астын қазып жатқан ОҚО тұрғыны: Бөлмелердің бірінде Шыңғыс хан, екіншісінде оның жылқысы жатыр

Талқылау