Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ет алуға шығып, жоғалып кеткен": Ақтөбеде мәйіттері табылған ерлі-зайыптығы қатысты тың деректер пайда болды

Фото: zello.poisk

Ақтөбе із-түссіз жоғалып кетіп, артынша мәйіттері табылған ерлі-зайыптың өліміне қатысты тың деректер пайда болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Марқұмдардың туыстарының айтуынша, 20 қараша күні ерлі-зайыптылар өз көліктерімен азық-түлік алуға дүкенге шыққан.

“Олар ет алуға шықты да, жоғалып кетті. Кешке осындай жағдай болғанын естідік. Осы жаңалықтан кейін әкелері төсек тартып жатып қалды. Не болғанын біз де білмейміз. Енді тергеу анықтайды”, – дейді туыстарының бірі.

Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиғаға қызғаныш себеп болуы мүмкін.

Көршілердің айтуынша, көпбалалы отбасы тату-тәтті өмір сүрген, ерлі-зайыптылар бірге шамамен 15–16 жыл тұрған.

“Олар осы жерде көптен бері тұрады. Ешқашан жаман сөз естіген емеспіз. Бір-бірімен тату-тәтті тұрды. Кіші баласы әлі бір жасқа да толған жоқ, үлкендері мектепте оқиды”, – дейді көршілері.

Марқұмдардың артында бес бала қалды. Балалар оқитын мектеп басшылығы да отбасыда ешқандай мәселе болмағаны айтады.

“Үлкен көпбалалы отбасы еді. Бес бала. Төртеуі бізде оқиды — екінші, төртінші, алтыншы және оныншы сыныптарда. Оқу үлгерімі керемет. Ата-аналары әрдайым жиналыстарға қатысып отырды. Кеше әлеуметтік желілерде олардың іздестіріліп жатқанын көрдік. Ешқашан шағым болған емес. Не болғанын түсіне алмай отырмыз”, – дейді мектеп директоры Ғазиз Қаламов.

Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбеде із-түссіз жоғалып кеткен ерлі-зайыптылардың мәйіті табылғаны туралы жазған едік. 43 жастағы әйелдің денесі зорлық-зомбылық белгілерімен, ер адам асылған күйі табылған. Полицияның мәліметінше, әйелді күйеуі өлтіріп, содан кейін өз-өзіне қол салған.

Дана Русланқызы
Жұма, 21 Қараша, 2025 19:54
Талқылау