Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Эстрадаға енді келген әнші: Алматы облысында өзіне қол салған арудың анасы қызын зорламақ болған әнші екенін айтты

Елімізде күн сайын 2 бала зорлық-зомбылыққа душар болады. Ал соңғы үш айдың ішінде 200-ден астам бүлдіршін педофилдің құрбаны болған.

Эстрадаға енді келген әнші: Алматы облысында өзіне қол салған арудың анасы қызын зорламақ болғанын әнші екенін айтты

Мұндай жаға ұстатарлық статистиканы "Не молчи. Дети" қоғамдық ұйымының өкілдері келтіріп отыр. Соңғы қайғылы жағдай бір апта бұрын ғана болыпты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап.

Өзін зорламақ болған күдіктіге қатысты қылмыстық істің тоқтатылғанын білген 15 жастағы жасөспірім қыз суицид жасаған. Педофилдердің озбырлығы неге тыйылар емес? Оларға тұсау салу үшін не істеу керек? 

"Мен өз баламды қорғай алмадым. Бізді қалай төмендеткенін сіздер елестеде де алмайсыздар", - дейді қыздың марқұм болған қыздың анасы. 

Бұл күнде Әлия Оразбаева өзін қоярға жер таппай жүр. Оның жалғыз қызы15 жастағы Аделины осы жылдың 9 маусымында суицид жасаған. Комада жатқан жасөспірімнің демі үш күннен соң үзіліпті. Содан бері қайғыдан қан жұтқан анасы күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылған. Бәрі өткен жылдың қыркүйек айынан басталыпты. Қызын туған күнге шақырған 19 жастағы таныс жігіті оны зорлауға әрекеттенген. Ең сорақысы, әлгі жігіт эстрадаға енді-енді қадам басып жатқан жас әнші көрінеді.

"Аделина болған жағдайды баяндап бергенде, мен өзімді қалай сезінгенімді сіздерге айтып жеткізе алмаймын. Сол жігіті қызымды жеделсатыға күштеп апарып, зорламақ болған. Бірақ ол қарсыласып, ебін тауып қашып кеткен", - дейді анасы Әлия Оразбаева. 

Осы оқиғадан соң Аделинаның жандүниесі астаң-кестең болып, күйзеліске түсіпті. Бұған шыдамаған анасы полицияға шағым түсірмек болғанда, қызы "жамантты болмайық" деп қарсылық танытқан екен. Бірақ баласының абыройын төкпек болған жігіттің ісіне шамданған анасы айтқанынан қайтпаған. 

"Қылмыстық кодекстің 122-бабы бойынша іс қозғалды. Яғни, қыз бен жігіттің арасында бәрі өзара келісіммен болған дегенді меңзейді. Мұны қалай түсінуге болады? Қыз тергеушілерге берген түсініктемесінде оның уысынан сытылып шығу үшін қалай жанталасқанын айтып берген. Ал жігіт болса оны лифтіден шығармауға тырысқан", - деді "Не молчи" қоғамдық ұйымның жетекшісі Дина Смаилова.

Алайда қалалық полиция департаменті бұл істі сағызша созып, ақыр соңында оны жауып тастапты. Ал заң бойынша зорлауға әрекеттену зорлаумен теңестірілген екен. Мұндайда кінәлі 10 жылдан артық жазаға кесілуі мүмкін еді. Істің жабылғанын естіп, әбден қорланып, жүйкесі сыр берген жасөспірім Алматы облысының аумағында өз-өзіне қол салған. Осыдан кейін аймақ полицейлері басқа бап бойынша істі қайта ашыпты. 

Құқық қорғаушылар келтірген статистика жан түршіктіреді. Тек, соңғы үш айда елімізде 37 бала өз-өзіне қол салса, 97-сі суицид жасауға әрекеттенген. Бала кезінде өгей әкесінен зәбір көрген павлодарлық 16 жастағы бойжеткен былтыр қараша айында 9-қабаттан секіріп кеткен болатын. Абырой болғанда аман, бірақ өмір бойына мүгедек болып қалды. Ал азғын еркек болса 
әлі бостандықта жүр екен.

"Елімізде күніне 2 баладан зорланып, тағы екеуі өз-өзіне қол салады. Және әр күн сайын бір бала суицидтен көз жұмады. Біз мемлекеттің осындай оқиғалардың алдын алу үшін заңнамалық актілер әзірлеп, олардың орындалуын қадағалайтын орган құрғанын қалаймыз. Мұндай оқиғалдар қашанғы жалғаса береді?", -  "Не молчи" қоғамдық ұйымның басшысы Алмат Мұхамеджанов. 

Қоғам белсенділерінің айтып отрығаны - Отбасы және бала істері министрлігін құру. Бұл орган түрлі зорлық-зомбылыққа тап болатын кәмелетке толмаған балалар мен әйелдердің ісімен айналысса дейді. Олардың бұл бастамасын мәжіліс депутаттары да қолдауда. 

"Бізде бала құқығын қорғайтын арнайы комитет бар. Бірақ ол білім және ғылым министрлігінің құрамында, тікелей соған бағынады. Яғни, өзінің пайымдарын жеткілікті дәрежеде білдіре алмайды деген сөз. Сондықтан, менің ойымша, бұл комитет жеке дара бөлек шығып, қарқынды жұмыс жасауы қажет", - деді мәжіліс депутаты Ирина Смирнова. 

Осы мәселемен айналысып жүргендер ұсыныстары үкіметтік деңгейде қолдау табады деп үміттенеді. Егер бастамаларына құлақ асатын жан табылмаса, президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа қолқа саламыз деп отыр.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр