Эстония шенген визасы бар Ресей азаматтарының елге кіруіне тыйым салады
Эстония Ресей азаматтарының шенген визасымен елге кіруіне шектеу енгізеді. Алдағы уақытта ел аумағына жоғарғы білімін тәмамдайтын студенттер мен гуманитарлық себептерге байланысты рұқсаты бар азаматтар ғана кіре алады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Эстония сыртқы істер министрі Урмас Рейнсалудың сөзінше, мұндай шешім қабылдауға Эстония арқылы Еуропа елдеріне өтететін шетелдіктердің көбеюі себеп болған болған.
Бұған дейін мұндай шара Еуроодақта Ресейге қарсы жетінші санкция пакеті аясында талқыланған. Анықталғандай Еуроодақ елдерінде бұл туралы ортақ келісім жоқ. Ал идеяны негізінен тек балтық жағалауындағы мемлекеттер қолдаған.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”