Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Есте сақтау қабілетін жақсарту үшін не істеу керек

Тамаша есте сақтау қабілеті. Оны қалай дамыту немесе қалай оны нашарлатып алмау? Есте сақтау қабілетіне арналған бірнеше жаттығулар.

5f4f3ee9ad4687976a8345c20b7545f8

Таңдайқақтырарлық есте сақтау қабілетімен талайлардың назарын аудару мүмкін бе? Әрине! Кейбір еріншектер естеу сақтау қабілетінің керемет болғанын қалайды, дегенмен қиын жолмен емес. Ол да мүмкін, әрине. Десе де, жатығу қалай, қаншалықты болса да жүйелілікті қажет етеді.

Күннен-күнге даму үшін күнделікті өмірде есте сақтау қабілетін қалай жақсарта аламыз?

–  Егер сіз оңақай болсаңыз, тісіңізді сол қолмен жуыңыз, ал егер солақай болсаңыз, оң қолмен жуыңыз. Сонда сіздің миыңыздың екінші жартысы дағдыланып, есте сақтау мен ойлау қабілетіңіз жақсара түседі.

–  Дүкенге барарда алатын заттарыңыздың тізімін қағазға емес, есіңізге сақтаңыз. Әйтпесе, 60 жасқа қарай дүкенге барғанда жағдайыңыз қиындай түседі.

–   Әр фильмді көрген сайын басынан соңына дейінгі кадрларды ой тізбегінен өткізіңіз. Бұл жатттығуға 20 секундіңіз кетеді, дегенмен, нәтижесі керемет.

–  Күн сайын түрлі әдеби шығармалар оқып отырыңыз. Кем дегенде аптасына 1 кітап. Сонда 1 жылда -52 кітап, 10 жылда 520 кітап оқыған боласыз!

– Егер сізге шынымен керемет есте сақтау қабілеті керек болса, күнде бір қара өлең жаттап отырыңыз, тура сол сызба бойынша, яғни аптасына 1 өлең, жылына 52 өлең.

–  Тағамыңыздың құрамында жер жаңғағы, бал, теңіз орамжапырағы болсын, салмағыңызды ретке келтіріңіз, қыдырыңыз, әрдайым қозғалыста болыңыз!

–   Тағы да айта кететініміз, талайларды таңғалдырар тамаша есте сақтау қабілеті болғанын қаласаңыз, онда темекіден бас тартыңыз!  Ғашық болыңыз!  Сонда қандағы азот оксиді дұрысталып, зақымдалған тамырларды реттейді, миыңыз жылдам жұмыс істейтін болады,  деп жазады anabol.kz сайты.

Жіберіп алмаңыз:

Тұмаудан қорғайтын 11 тағамдық өнім

Қызылшаның денсаулыққа қандай пайдасы бар?

Ішімдік пен сұлулық. Ішімдіктің сырт келбетіңізге әсері қандай?

Талқылау