Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Есте сақтау қабілеті жартылай нашарлаған": Оралда полиция қызметкері адасып қалған әжеге көмектесті (видео)

Оралда полиция бөлімі қызметкерінің қарапайым әрі әсерлі әрекеті видеоға түсіп қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ер адам қалалық вокзалда белгісіз әжені қолынан ұстап, жетектеп ертіп жүреді. Әлеуметтік желіде тараған видео санаулы күннің ішінде тәртіп сақшысын танымал етті.

Кадр 26 тамызда түсірілген. 23 жастағы жас полицей Мирас Жасұланов вокзалда жан-жағына қарап алаңдап тұрған әжейді қолынан жетектеп ертіп жүрген.

"Әйел аты-жөні, қайда тұратыны және вокзал маңына қалай келгені туралы айта алмады. Кейінірек оның есте сақтау қабілетінің жартылай нашарлағаны белгілі болды. Полиция қызметкері әженің тұрғылықты жерін тез арада анықтады. Такси шақырып, 85 жастағы қарт әйелді үйіне дейін шығарып салды. Ол полицейге көрсеткен көмегі үшін шынайы алғысын білдірді", - деді құқық қорғау органдары.

23 жастағы полиция сержанты Мирас Жасұланов полицияда 2020 жылдан бері қызмет етеді. Отбасылы, ұлы жақында дүниеге келген.

"Бұл әрекет марапаттауға себеп емес. Өйткені бұл тек полицейдің ғана емес, әрбір азаматтың міндеті", - деді ол.

@uralsk.online #уральск #uralsk #рекомендацииказахстан🇰🇿 ♬ Ana - RaiM & Artur
Талқылау