Қазақстандық дзюдошы Эсмигуль Куюлова әлем чемпионатының үшініші айналымынан аса алмады
Эсмигуль Куюлова Әбу-Дабиде өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында жарыс жолынан шығып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әлем чемпионатының үшінші жарыс күнінде Эсмигуль Куюлова ғана бозкілемге шығып, жарысты жарты жолдан аяқтады. 63 келіде белдескен балуанымыз алғашқы кездесуінде қырғызстандық Адина Кочконбаевадан басым түсті. Екінші белдесуінде Кабо-Верде елінің өкілі Билье Сандринді ұтқанмен, үшінші айналымда польшалық Анжелика Шиманскаяға есе жіберіп, жарысты жүлдесіз аяқтады. Осылайша, Қазақстан құрамасы екінші күн қатарынан сәтсіз өнер көрсетіп, жүлдегерлер қатарынан көріне алмай жатыр.
Айта кетейік, жарыстың алғашқы күнінде Абиба Әбужақынова 48 келіде қола жүлде жеңіп алса, Елдос Сметов (60 келі) бесінші орыннан көрінген еді.
Талқылау
Заманбек Нұрқаділовтің қаза болғанына 20 жыл: Саясаткердің өзі мен өлімі туралы не белгілі
Нұрқаділовтің билікке сын айтуы жұрт үшін тосын жаңалық емес еді
Қазақстандағы ең қымбат қақпашылар: Үздіктер тізімін Қайраттың үш бірдей қақпашысы бастап тұр
Комментатор: Қақпашылардың жиі көзге түсуі — құраманың қорғаныс шебінің әлсіздігін білдіреді

