Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бұл менің намысыма тимейді": Цой өзін отставкаға кетсін дейтіндерге жауап берді

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой өзін отставкаға кетсін дейтін қазақстандықтардың сөзін қалай қабылдайтынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте БАҚ өкілдері онконауқастарға көмек қорының ортақ құрылтайшыларының бірі электронды өтінішінде Алексей Цойдан отставкаға кетуді талап еткенін еске салды. Алайда санитарлық-эпидемиологиялық комитеттің басшысы Айжан Есмағамбетова азаматтың өтінішін ар-намысқа тіл тигізді деп полицияға жолдаған. Бірақ полиция одан ешқандай заңбұзушылық байқаған жоқ.

Осыған байланысты журналистер министрден жұртшылықтың осындай талаптарына қалай қарайтынын сұрады.

"Бұл менің намысыма тимейді. Себебі өз пікірін айту – кез келген азаматтың құқығы. Мен бұған азаматтардың өз пікірін білдіруі деп қараймын", - деп жауап берді Цой.

Ал Айжан Есмағамбетова өз әрекетін қалыпты практика санайтынын атап өтті. Айтуынша, бұл оның полицияға жіберген алғашқы өтініші.

"Хат жазған адамның әрекетіне құқықтық баға берілуі үшін өтінішті ішкі істер министрлігіне жолдағаным рас. Мен мұны қалыпты практика деп санаймын", - деді ол.

Есмағамбетовадан халық көмек алу үшін комитетке жүгінуін доғарады деп қорықпай ма деп сұрады.

"Жоқ, біз қорықпаймыз. Күн сайын комитеттің мекенжайына 100-150-ге дейін өтініш келіп түседі. Мен ішкі істер министрлігіне осы тұлғаның әрекетін бағалау туралы өтініш жібердім. Бұл - менің алғашқы жүгінуім", - деп қорытындылады Есмағамбетова.

Бұдан соң денсаулық сақтау министрі де отставкаға кету туралы мәселелер қалыпты екенін айтты.

"Журналистер мен қоғамдық ұйымдар бұл жоғары интеллигенция деп санайды және диалог түріндегі үндеудің өзі қалыпты моральдық-этикаға сай болуы керек. Азаматтар өз наразылықтарын білдірді. Ал біздің әріптестер оның қаншалықты заңды және этикаға қаншалықты сәйкес келетіні туралы Ішкі істер министрлігінен сұрап білді. Сондықтан бұл жай ғана сұрау болды. Ішкі істер министрлігі түсінік берді", - деп жауап берді Цой.

Талқылау