Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ескі машина берді деп шулағандар, қайдасыңдар": Фариза Төреәлі ата-енесіне ерекше сыйлық жасады

фариза АҚШФото: https://www.instagram.com/farizatoreali/

Танымал блогер Фариза Төреәлі ата-енесіне ерекше сыйлық жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Желі жұлдызы жолдасының ата-анасына саяхат сыйлады. 

“Ата-ана – ең қымбат қазына. Олардың разылығын алып, қуаныш сыйлау – біздің борышымыз. Сол себепті, ата-анамыз Америкаға виза алған кезде, Фари жақсы идея айтты: "Неге оларға жолдама сыйламасқа?!" деді. Ойланып жатпай, бірден іске кірістік – енді олар әдемі саяхатқа аттанғалы отыр. Бұл сыйлықты менің туған күнімде жасадық. Осындай керемет ойың үшін рахмет, жаным. Ал ата-анамызға сәттілік, екеуі АҚШ-та қалай болады екен”, – деп жазды Дархан Нортаев. 



Желі қолданушылары блогердің отбасына тілектерін жазып жатыр. 

“Ескі машина берді деп шулағандар, қайдасыңдар?!”, “Бізге де жұғысты болсын”, “Ата-анама саяхат сыйлау – арманым”, “Алла перзенттерімізге адам жолмен ақша табуды жазсын”, “Дарханның ата-анасы керемет адамдар”, “10 жылға виза алған сияқты”, – деп жазды көпшілік. 

Гүлдана Нұрлыханова
Жұма, 01 Тамыз, 2025 12:55
Талқылау
`