Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Ескі Қазақстан” стратегиялық маңызы бар кәсіпорындарды бекерге сатып жіберді – Депутат

Төменгі палата депутаты Никита Шаталов Премьер-министрдің атына жолдаған сауалында ел экономикасын басқаруда  "Ескі қазақстанның" кейбір әрекеттері қайталанбауы қажеттігін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: www.parlam.kz

Мәжіліс депутаты Никита Шаталов инфрақұрылым, денсаулық сақтау және білім беру объектілерін, сондай-ақ стратегиялық маңызды кәсіпорындарды сату кезінде ескі Қазақстан тұсында қолданылған жекешелендіру түрін қайталауға жол берілмеуі керектігін айтты.

"Либерализация қитұрқы әрекеттерге төзбейді. Бұрын жекешелендіруді желеу етіп, инфрақұрылым, денсаулық сақтау мен білім беру нысандары, стратегиялық маңызы бар кәсіпорындар кім көрінгеннің қолына өте беріп, бекерге сатылды. Бұл үрдіс қайталанбауы керек", – деді Никита Шаталов сәрсенбі күнгі мәжіліс отырысында.

Оның айтуынша Қазақстан алдында жалпы ішкі өнімді екі есе арттыру стратегиялық мақсаты тұр. 

"Сонымен бірге экономикалық өсу инклюзивті болуы және әр қазақстандықтың өмір сүру сапасын арттыруға айналуға тиіс. Біз үкіметтің экономиканы басқару тәсілін түбегейлі қайта қарастыруымыз керек. "Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы" жарлық өзгерістердің жаңа идеологиясын қалыптастырады. Ол кәсіпкерлік энергияны босатуға және жауапты бизнеске жеткілікті еркіндік пен әділ бәсекелестік беруге арналған. Оны жүзеге асыру тетігі ашық және барлығына түсінікті болуы керек. "Аманат" партиясы барлық тармақтың орындалуын бақылауды және әр бастама төңірегінде сапалы қоғамдық талқылауды қамтамасыз етеді", – деп сендірді депутат.

Ол жекешелендіру ережелерін әзірлеуге мәжіліс депутаттары мен сарапшылар қауымдастығын тарта отырып, ашық түрде жүзеге асыру керек деп есептейді.

"Жекешелендіру жұмысын мәжіліс алаңында бірлесіп жүргізуді ұсынамыз. Жоспарланған жекешелендіру арқылы біз мемлекеттің экономикадағы үлесін азайта аламыз. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы қазір оны 30-40%-ға бағалап отыр. Мемлекет бизнеспен сатып алуда да, нарықта да бәсекеге түспеуі керек. Тағы бір маңызды мақсат – бизнес құқығын қорғау. Өкінішке қарай, феодалдық тәжірибелер XXI ғасырда әлі бар. Бұл салықтан бастап, шағын саудагерлерді орынмен қамтамасыз етуге дейінгі мәселелерге қатысты", – деді депутат.

Оның айтуынша, меншік құқығына сөзсіз кепілдік беріп, бизнесті сыбайлас жемқорлықтан қорғау қажет.

Талқылау