Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Ескендір Сүлейменовтің қазасына кінәлі қызға қатысты сот үкімі шықты
Астанадағы Есіл аудандық сотында Ескендір Сүлейменовтің өліміне қатысты сот үкімі шықты. Айыпталушы Малика Мұхитова кінәлі деп танылды.

Сот шешіміне сәйкес, айыпталушы екі жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар 5 жыл көлік жүргізу құқығынан айырылды, деп жазады Sputnik.
Айыпталушы Малика Мұхитова жазасын қауіпсіздігі төмен мекемеде өтейтін болды. Айыптыны үкім заңды күшіне енгенге дейін қамауға алмайды.
Сот төрешесі Қанат Тобағалиұлы жаза тағайындау барысында жәбірленуші тараптың қатаң жаза талап еткені ескерілгенін айтты. Малика Мұхитованың адвокаты сот үкіміне келіспейтінін, қайта шағым түсіретінін жеткізді.
Қорғаушысы жазаны жеңілдету үшін барлық мүмкіндікті пайдаланбақ.
Бұған дейін Олжас Сүлейменовтің немересін қағып өлтірген қыз марқұмның ата-анасынан кешірім сұраған еді. Ал оның қорғаушысы өтемақы төлеуге дайын екендерін айтқан.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"