Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ескендір Сүлейменовтің анасы мәлімдеме жасады

Жол апатынан қаза болған Ескендір Сүлейменовтің анасы апелляциялық сот отырысында келтірілген дәлелдемелермен келіспейтінін айтты, деп жазады Tengrinews.kz.

Ескендір Сүлейменовтің анасы мәлімдеме жасады

Жәбірленуші тараптың адвокаты Лейлә Сүлейменованың мәлімдемесін оқыды.

“Жәбірленуші тараптың өкілі ретінде, Мұхитоваға қатысты шешім заңды әрі ақылға қонымды деп сенем. Аудандық соттың Мұхитоваға қатысты шешімін өзгеріссіз қалдыруды сұраймын.  Жәбірленушілердің тараптарымен келіспеушіліктер туындаған жағдайда Мұхитованың салғырттығынан мерт болған баланың анасы ретінде менің пікірімді есепке алуды сұраймын”, – деп оқыды адвокат Альмира Шайхина.

Ескендірдің анасының мәлімдемесі іс материалына қосылды. Келесі сот отырысы 11 желтоқсанда болады.

Адвокат Ескендірдің атасы Олжа Сүлейменовтің мәлімдемесін де оқыды. Онда жазушы Малика Мұхитованы не себепті бас бостандығынан айырмауды сұрағанын түсіндірген.

Бұған дейін Малика Мұхитованы екі жылға бас бостандығынан айырылған еді. Жол апаты 2018 жылдың жазында болды. Апатта Олжас Сүлейменовтің немересі Ескендір Сүлейменов қаза болды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

STAN.KZ
Бейсенбі, 03 Қаңтар, 2019 16:30
Талқылау