“Есірткіден уланған”: Танымал шахматшы қаза болды

Америкалық танымал шахматшы, гроссмейстер Дэниэл Народицкий 29 жасында қайтыс болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол 2025 жылдың 19 қазаны күні АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатындағы Шарлотта қаласында өз үйінде өлі күйінде табылған еді.
Соңғы ресми мәліметтерге сәйкес, Солтүстік Каролина штатының бас сот-медициналық сараптама басқармасы шығарған токсикология есебінде Народицкийдің ағзасында көптеген есірткі заттары анықталған: метамфетамин, амфетамин және кротамнан алынған қосылыстар (mitragynine, 7-hydroxymitragynine).
Осы заттардың қоспасы денсаулыққа кері әсер етіп, уланып қаза болды.
Народицкий шахмат әлемінде ерте жетістікке жеткен дарынды ойыншы. Ол 2007 жылы 12 жасқа дейінгі балалар арасындағы әлем чемпионы, ал 17 жасында гроссмейстер атағына қол жеткізген.
Сондай-ақ ол АҚШ-тың жасөспірімдер арасындағы чемпионаттарында жеңіске жеткен.
Народицкийдің әкесі Владимир Украинадан, ал анасы Елена Әзербайжаннан шыққан.
"Сан алуанын көрген соң жігіттерге қызығушылығым мүлде жоғалып кетті": Бодимассажбен айналысқан қазақстандық қыз бастан кешкенін айтты